Халық әртісі концертке баламен келген әйелді залдан қуып шықты — видео

Концерт кезінде залда бала жылаған. Әнші сөзін бөліп, баласымен келген әйелді залдан шығарып жіберді.

Sputnik. Өзбекстанның Халық әртісі Юлдуз Усманова концертіне баламен келген әйелді залдан қуып шықты.

Оқиға әртістің қызының жаңа альбомының тұсаукесерінде болған, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Баланың жылаған даусын естіген жұлдыз шараны тоқтатып, әйелді залдан шығарып жібереді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Юлдуз Усманова выгнала женщину с ребенком

Публикация от upluz (@upl_uz)

«Жылап отырған балаңызды алып, мына жерден шығыңыз… жүйкемді жұқартты. Шығыңыз», – деп айқайлады әртіс.

Желі қолданушыларының бірі мұндай әрекетті қолдаса, енді бірі әнші өте дөрекі сөйлегенін айтып отыр.