Дүйсенбі, Сәуір 6, 2020

Қырғызстанға өтіп кеткен 23 мың адамның қаншасы елге оралғаны белгілі болды

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Қордайдағы оқиғалар салдарынан мүлкі зардап шеккен азаматтарға жалпы 3,9 миллион теңгенің ақшалай көмегі үлестіріліп, гуманитарлық көмектер көрсетілген.

Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиғалар кезінде 185 азамат зардап шеккен, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық штабтың мәліметтері бойынша, зардап шеккендердің 34-і ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ, 39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік өртенген.

«Осы жылдың 7-13 ақпан аралығында Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе бақылау-өткізу бекеттері арқылы Қырғыз Республикасына барлығы 23 131 адам өтіп,  21 261  адам кірген», – деп ақпарат берді әкімдік.

Ауылдарды тазалау жұмыстарына 250 адам және 53 бірлік техника жұмылдырылып, барлығы 680 тонна құрылыс қоқысы шығарылыпты.

Қазіргі уақытта 55 дүкен, 3 дәріхана, 14 жанармай құю бекеттері және 30 басқа да коммерциялық нысан тұрақты жұмыс істеуде.

Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін Сортөбе ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында мобильді халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. Ол орталық арқылы бүгінге дейін 54 туу туралы куәлік, 48 жеке куәлік, балаларға арналған 1193 балаларға арналған анықтамалық қағаздар, 15 жылжымайтын мүлік туралы құжат, 8 неке туралы куәлік, 1 паспорт берілген.

Сонымен қатар, 778 зардап шегуші отбасыға барлығы 57,2 тонна болатын алғашқы кезектегі қажеттілік заттар мен азық-түліктерден құралған гуманитарлық көмек көрсетілді.

Мүлкі зардап шеккен азаматтарға жалпы 3,9 миллион теңгенің ақшалай көмегі үлестірілген. Сондай-ақ, 17,5 тонна күріш, 40 тонна ұн, 7 тонна қант, 500 литр өсімдік майы және басқа да гуманитарлық көмектер көрсетілген.

Бүгінгі таңда ауданда тұрақты жағдай сақталуда, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты

Қазақстан билігі коронавирустың таралуына байланысты діни бірлестіктерге мерекелік рәсімдерді онлайн режимде өткізуді ұсынды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев...

«Біздің интернеттің онлайн сабақтарды көтеруге қауқары жоқ»: Білім министрі онлайн оқытудан бас тартты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту кезінде байқалатын кемшіліктерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "1 сәуір күні сынама сабақ өткізілген болатын. Еліміздің аумағында 2...

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмған 13 жастағы жеткіншектің жерлеу рәсіміне оның анасы мен бес бауыры қатыстырылмапты. Ұл баланың денесін қорғаныш киімін киген бөтен адамдардың жер...

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан, кешкі сегізге дейін деп белгіленсе, азық-түлік базарларының жұмыс кестесіне де өзгеріс енгізілген. Sputnik. Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге...

Елордада төтенше жағдай басталғалы бері екі бала терезеден құлаған

Елордалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың карантиндік жағдайдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Елордада төтенше жағдай басталғаннан бері балалардың...

«Алматыда жаңадан карантин орталығы бой көтереді» – Сағынтаев (ВИДЕО)

Алматыда коронавирус індетін жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болған жандарға арналған карантин орталығы салынады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында...