Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

Үш жеріне оқ тиген: Марқұм Дархан Әбдірахымның өлімі жайлы оның туыстары шындықты айтты

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Қақтығыста қаза тапқан ауыл тұрғыны Дархан Әбдірахымның туыстары ұлымыздың оққа ұшқанын биліктегілер жасырғысы келеді деп наразы. Дұрыс ақпарат айтылмай жүр деген олар өз мұңын ашынған жұрт жаназа үстінде жеткізуге тырысыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Сөздің шыны керек» бағдарламасына сілтеме сілтеме жасап. 

11 адамның өмірін қиған қақтығыс тек Масанчиді ғана емес, бұл ауылға жалғасып кететін Сортөбе, Ауқатты, Бұланбатыр ауылдарына да кесапатын тигізген. Сортобе ауылына кіре беріс жердің өзінен 4 адамның мәйіті табылған. Ғаламторға тарап кеткен кадрлар да сол жақта түсіріліпті. Осы жерде Әлжан ана ауылының 25 жастағы тұрғыны Дархан Әбдірахым да осы жерде жан тапсырған. Ол Алматыдан Қордайға жолаушы алып келген көрінеді. Соңғы рет әйелімен телефон арқылы тілдескен оны қақтығыс кезінде өлтіріп кеткен.

 

«Достарымның қасына барамын, мен сол жақта бауырларым бар деді», – дейді марқұмның әйелі.

Марқұмның жақындары балаларының оққа ұшқандарын көргендер болса да, бұл жайтты сарапшылардың жоққа шығарып отырғандарын айтып наразы. Қайтыс болған туралы анықтамада Дархан Әбдірахымның кеуде тұсының жарақатын алғаны, көп қан жоғалтқаны ғана айтылыпты.

«Жарақатын жанында пытыра оғының іздерін байқадық. Оқ үш жерден атылған: аяғынан, желкесінен, қолтығынан. Тура барып қолтық астындағы тамырға тиіпті», – дейді Дархан Әбдірахымның туысы.

Ал жаназаға келген елдің қарасы тым көп болды. Тіпті ашынған ел марқұмның денесін жер қойнына тапсырмай жатып, жерлеу рәсімі кезінде митинг жасады.

Қордай

Масанчи ауылының тұрғыны Реджеп Хоров екі тараптың ғана емес, үшінші қылмыстық топ араласқан қақтығыс болды деп отыр. Өйткені сол күні сырттан келген белгісіз адамдар тобы дүкендерді өртеп қана қойған жоқ, тонау әреккеттерін жасапты. Соны әдейі жасырып қалу мақсатында өртті үлкен және кіші сауда орталықтарына қойды дейді ол. Сондай-ақ ол қақтығыс басталмай тұрып-ақ полиция мен жергілікті билік өкілдері дүмпудің болатынын алдын ала білді, бірақ бізге хабарламады дейді.

«Біздің ауылға бір уақытта бірден 15-20 көлік мүлдем келмейтін. Бірақ сол күні белгісіз көліктердің ағыны тоқтамады. Билік не болатынын о бастан білді», – дейді ауыл тұрғыны Реджеп Хоров.

Қордай

Қордай аудынындағы қақтығыстан кейін Бақтияр Жанышұлы жиенін іздеп жүр. Әпкесінің ұлы 2000 жылы туған Мұрат Мырзаханұлы жанжал болған күні жаңадан сатып алған көлігіне мініп, әжесіне көрсетуге көрші ауылған кеткен. Ал көлік Масанчи ауылының маңында өртенген күйде табылған. Масанчи аулындағы сауда үйінен бір адамның мәйіті табылды дегенді ести сала, Бақтияр да осында жетіпті. Бірақ інісін іздеген азаматқа да, журналистерге де құзырлы орган жауап бермепті.

31 арна журналистерінің мәліметінше, оқиғадан 4 күн өткеннен кейін мәйіт табылғаны туралы ақпаратты таратуға билік өкілдері асықпапты.  Тіпті олар мәйіттің жанынан табылған құжаттарды да жариялауға ұмтылмапты. Өз шешімдерін ресми органдар сот сараптамасы дайын емес болғандықтан деп түсіндірген.

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты 25 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жағдайға қатысты қанша адам ұсталғаны жайлы құзырлы органдар тіс жармады.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...