Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус аударылып қалды, — деп хабарлайды polisia.kz.

Апат таңғы сағат 09:40-та Ғ. Жұбанова мен О. Сеитов көшелерінің қиылысында болды. Такси қызметіне тиесілі Volkswagen Polo автокөлігі мен №37 маршруты бойынша келе жатқан ПАЗ автобусы соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автобустағы 26 жолаушы (19 әйел мен 7 ер адам) Ақтөбе ауруханасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары басталды.

Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға жеткізілдіСурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақта жолда мұқият әрі ұқыпты болуды сұрайды.