Шу тудырған видео: Оқушының анасы директормен болған жағдай туралы айтты

Загрузка...

Бұл видео 2018 жылы түсірілген болып шықты. Алайда оқушының анасы тек қазір жариялау туралы шешім қабылдаған.

Sputnik. Ресейдің Петрозаводск қаласында мектеп директоры оқушының дене бітімін сынады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында директордың оқушыға: «белдемшені аяғы түзу қыздар ғана киеді, сенің аяғың жуан»,- деген видео тарап кеткен.

Бұл видео 2018 жылы түсірілген болып шықты. Алайда оқушының анасы тек қазір жариялау туралы шешім қабылдаған.

Оқушы анасының айтуынша, қызы мұғаліммен сөзге келіп қалған сыныптасын қорғамақ болған. Сол кезде өзі де біраз сөз естіпті.

Бұдан бөлек, директор қыздың анасына хабарласып, қоқан-лоқы көрсеткен. Полиция шақыратынын айтыпты.

Директордың әрекетіне қатысты тексеріс жүріп жатқаны хабарланып отыр.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: