Шымкентке қонаққа келген отбасы уланып, сәбиінен айырылды: Бұның себебі не?

Загрузка...

Ордабасы ауданынан туысқандарының үйіне қонаққа келген отбасы уланып қалған. Гипербарикалық оксигенация орталығында екі бала және екі ересек адам түскен. Олардың кіші баласы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

«13 ақпанда, таңертеңгі сағат 7:45-те 2017 және 2014 жылдары туған екі бүлдіршін Шымкент қаласындағы Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигентация орталығына жеткізілді, анықталмаған ауыр заттардың уынан, 2-ден 3-ші дәрежелі токсикалық есеңгіреу және тағамдық улану алған деген күмән бар. Балалар зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатқан реанимация бөліміне жатқызылды. Оларға толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ ұқсас диагнозбен аталған мекен-жайдан 2000 және 2002 жылы туған екі тұрғын жеткізілді. Біз тексеру жүргізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды үйге жіберідік. Дәрігерлер бұл науқастар туралы мәліметтерді тұрғылықты жеріндегі емханаға жеткізді », – гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова.

«Север» шағын ауданындағы сол пәтерден 2019 жылы туған баланы ата-анасы қалалық жұқпалы аурулар жедел жәрдем бөліміне клиникалық өлім жағдайында жеткізген, дәрігерлер баланың көз жұмды жеткізді. Марқұм болған бала – Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны болған. Отбасының басқа мүшелері белгісіз заттармен улану диагнозымен ауруханада жатыр.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ анализаторын пайдаланып, бөлмені тексерді. Көмірқышқыл газы анықталмапты. Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің қызметкерлері тамақ өнімдерін сараптамға жіберу үшін қабылдады.

Улану себебі төменгі қабатта орналасқан пәтерді қандаладан залалсыздандыру болды деген күдік бар. Нәтиже шықпай тұрып, қорытынды шығаруға әлі ерте.

«Шымкент қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бөлімі ескертеді! Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Дезинфекциялық заттармен уланбау үшін біздің кеңестерімізге назар аударыңыздар! Егер үйде әртүрлі жәндіктер мен кеміргіштер пайда болса, үй-жайларды өзіңіз зарарсыздандырмаңыз!  Зиянкестерден өзідігінен зарарсыздандыру сіздің денсаулығыңызға және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Үйді жәндіктер мен кеміргіштерден зарарсыздандырмас бұрын келесі ережелерді есте сақтаңыз:

– Біріншіден, зиянкестерге қарсы дезинфекция жүргізетіндігіңіз туралы көршілеріңізге міндетті түрде хабарлаңыз!

– Өңдеуді дезинфекция, дезинсекция және дезинфекциялау бойынша кәсіби даярлығын растайтын сертификаты бар білікті маман жүргізуі керек;

– Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялық заттарды ғана жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы қолданып, жарамдылық мерзімін тексеріп, дезинфекциялық заттардың мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін талап ету керек.

Дезинфекциялық құралдар қауіп-қатерге байланысты әр түрлі кластарға бөлінеді, сондықтан дезинфекциялық заттарды сатып алу кезінде мамандармен кеңесу керек!», – деп ескертті мамандар.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: