Home Бүгінгі жаңалықтар "Бұл жердегі жағдай бір қалыпқа түскен жоқ" Мектеп директоры қазір Масанчиде не...

«Бұл жердегі жағдай бір қалыпқа түскен жоқ» Мектеп директоры қазір Масанчиде не болып жатқанын айтты

Жамбыл облысының Масанчи елді мекеніндегі мектептер бала санының азаюына байланысты бір ауысымға көшкен.

Sputnik. Қордай ауданындағы қақтығыстан кейін Масанчи елді мекеніндегі мектептер қаңырап бос тұр. Себебі ауыл тұрғындары балаларын жіберуге қорқады.

Ал өңір басшылары қазір жағдай тұрақтанды, жұмыстар жүйелі деп жұртты сендірді. Оқиға болған жердегі білім ошақтарын «Астана» арнасының тілшілері аралап қайтты.

Масанчи елді мекенінде 19 мыңға жуық адам тұрады. 3 мектеп, 2 балабақша бар. Қайғылы жағдайдан соң қара халық қатты қорқып қалған. Оның үстіне киетін киім жоқ дейді.

«4 балам 50-ші мектепте оқиды, 2 балам жоғарыдағы қазақ мектебінде оқиды. Бірақ ешқайсысын сабаққа жіберген жоқпын. Себебі, балалардың үстіне киетін ештеңкесі жоқ. Үймен кетті бәрі. Енді жағдайдың қалыпқа түсуін күтіп отырмыз», – дейді ауыл тұрғындарының бірі.

«Қазір балаларым сабаққа барып жатқан жоқ. Себебі қырғыз республикасына апарып тастағанмын, әлі үйге әкелмедім. Әрі бұл жердегі жағдай бір қалыпқа түскен жоқ».

Жоғарыда айтылған білім ошақтарының бірінің басшысы сұқбат беруден бас тартты. Ал мектеп іші қаңырап бос тұр. Тек нөмірі 12-ші орта мектепте бірен-саран оқушы жүр. Барлық мектеп бір ауысымға көшіп кетіпті.

«Неге бір ауысымға көштіңіздер дейсіз бе? Өйткені кешегі оқиғадан кейін балалардың көбісі Қырғызстанға өтіп кеткен болатын. Бала санының өзгеруіне байланысты бүгін бір ауысымда оқыдық, ертең де бір ауысымда оқып қаламыз. Өткендегіден кейін бәрі қорқып қалған. Ата-аналар балаларды мектепке өздері әкеліп, өздері алып кетіп жатыр», – деп түсіндірді мектеп директоры Төлеген Ембердиев.

Масанчи әлі күштік құрылымдардың жіті бақылауында. Оны көшенің бұрыш-бұрышында тұрған ұлттық ұлан сарбаздарынан байқауға болады. Қанша бақылуда болса да тұрғындардың қорқынышы басылмаған. Ал білім бөліміндегі мамандар үй-үйге кіріп, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын бастапты.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімі Асқар Мырзахметовті қызметінен алып, оның орнына Бердібек Сапарбаевты тағайындады. Өңір басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле де жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here