Home Бүгінгі жаңалықтар Дүнгендер қоғамдық бірлестігінің басшысы желідегі шулы жазбаға пікір білдірді

Дүнгендер қоғамдық бірлестігінің басшысы желідегі шулы жазбаға пікір білдірді

Зухра Закирова есімді қолданушы депутат Бақытбек Смағұлдың дүнгендер әскери борышын өтемейді, Наурызды тойламайды деген ақпаратын теріске шығарған болатын

АЛМАТЫ, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан дүнгендері қоғамдық бірлестігінің басшысы Абубакир Войнце әлеуметтік желіде Халықаралық дүнген қауымдастығы атынан тараған жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, Facebook әлеуметтік желісінде Халықаралық дүнген қауымдастығы атынан жазба қалдырған Зухра Закирова есімді қолданушы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік жеке тұлғалардың ісі екенін мәлімдеген. Айтуынша, олардың артында ұйымдастырушылар, арандатушылар және қоздырушылар тұр.

«Сонымен қатар жеке азаматтардың Қордай ауданы ауылдарының халқы мен тұтастай дүнген этникалық тобы өкілдерінің беделін түсіретін науқанды ұйымдастыруға, тәртіпсіздік кезіндегі қан төгуді ақтап алуға тырысып жатқанына куә болып отырмыз», – деп жазды ол.

Зухра Закирова сондай-ақ депутат Бақытбек Смағұлдың дүнгендер әскери борышын өтемейді, Наурызды тойламайды, балалары мектепке бармайды, ауылдағы мешіттер діни басқармаға бағынбайды деген ақпаратын теріске шығарды. Оның айтуынша, Масанчи ауылының өзінен 20-дан астам дүнген қазақ әскерінде қызмет етіп жатыр.

«Қордай ауданында 60-тан астам мешіт бар, олардың 25-і Масанчи және Сортөбе ауылдарында орналасқан. Олардың барлығы ресми түрде тіркелген, олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді», – дейді ол.

Сондай-ақ, дүнген балалардың 100 пайыз мектепке қабылданғанын мәлімдеді. Масанчидегі мектептерде еліміздегі барлық білім ошағындағыдай мемлекеттік тіл – қазақ тілі оқытылады екен.

«Дүнгендер Наурыз мейрамын қуана-қуана тойлайды. Ауылдарымызда мерекенің құрметіне дастарқан жайылып, шаралар ұйымдастырылады», – деп мәлімдеді Закирова.

Алайда Қазақстан дүнгендері қоғамдық бірлестігінің басшысы Абубакир Войнце Закированы танымайтынын және бұл пікірдің бірлестік позициясын көрсетпейтінін айтты.

«Мен ол әйелді танымаймын. Ол өзінің жеке пікірін жазған болуы керек. Оны көрмесем де, таныстарым арқылы оған мемлекеттік комиссия шешімін күтетінімізді айттым. Дәл қазір мынау дұрыс, мынау қате деп айтуға ерте. Мемлекеттік комиссия шешім шығарсын. Сонда бәрі белгілі болады. Ал осылай жазудың еш қажеті жоқ», – деді Войнце.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда ауданда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Зардап шеккен 176 адам медициналық көмекке жүгінген, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды. 13 ақпанда екі күн бұрын Масанчи ауылында үйінді астынан бір адамның денесі табылғаны белгілі болды, оның 7 ақпандағы тәртіпсіздік салдарынан немесе басқа жағдайда қаза болғанын сараптама нәтижесі бойынша анықталады.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қордайдағы оқиғадан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты. Қордайдағы жағдай президенттің тікелей бақылауында.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here