Home Бүгінгі жаңалықтар «Тұрыңдар-ей, врачтар!»: Қазығұрт тұрғыны шақыртуға келмеген дәрігерлерді өзі барып оятты (ВИДЕО)

«Тұрыңдар-ей, врачтар!»: Қазығұрт тұрғыны шақыртуға келмеген дәрігерлерді өзі барып оятты (ВИДЕО)

Арасында «Дәрігерлер де депутаттардан үйренген-ау, жұмыс кезінде ұйықтауды» деп мысқылдап алғандар да болды. Facebook желісіне Түркістан обылысының Қазығұрт ауданындағы жедел жәрдем орталығы туралы видео жарияланды. Онда бір тұрғын жедел жәрдем кезекшілерінің шақыртуға келмей, көліктерін қаңтарып қойып, кабинеттерінде ұйықтап жатқандарын көрсетуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бір сағат болды, операторлар ұйықтап жатыр. Тұрғызып алдым», – деген жігіт жалғыз өзі отырған операторға: «Врачтарды шақырыңызшы! Машиналардың бәрі бос қой. Сағат, міне, 5-тен 15 кетті», – дейді. Одан жауап ала алмаған соң, өзі дәрігерлер ұйықтап жатқан бөлмеге қарай беттейді.

Бөлмеден ұйқылы-ояу шыға келген дәрігер әйелге: «Сіз ұйықтап жатсыз ба?» – деп еді, ол да ләм-мим деместен, сырт киімін жүре киіп, қаша жөнелді.
«Міне, «бос емес» деді де, ұйықтап шықты мына жақтан, – деген жігіт әлгі дәрігер шыққан бөлменің ішіне енді. Онда өңкей жігіттер жатыр екен. – Тұрыңдар-ей, жігіттер!.. Тұрыңдар-ей, врачтар!.. Мына жақта аурулар күтіп отыр ғой сендерді. Бір сағат болды ғой звондағанымызға. Міне, қандай врачтар, қандай дежурный екенін біле береміз. Жалоба көп. Врачтары сөмкесін тастады да қашып кетті», – деді одан әрі, ашынған азамат.

Дәрігерлер аудан тұрғыны өз аяғымен келіп оятқаннан кейін ғана ұйпа-тұйпасы шығып, бөлмелерінен шыға бастады. «Міне, ұйықтап шыққандар. Машина жоқ дейді, тізіліп тұр», – деді оларды ұялы телефонына түсіріп алып жүрген азамат.

Оны көрген желі қолданушылар да мәселеге бейжай қарай алмай, өре түрегелді. «Мынаған Денсаулық сақтау министірлігі жауап берсін. Не сұмдық?! Жаза қолдануларын талап етемін. Бастығымен жұмыстан кетсін! Жынды ма мыналар?», «Сенікі дұрыс, ағатай. Өйткені, бізде де осылай. Келес ауданының қазіргі Абай ауылындағы больницада осылай барасың, қарамайды», «Телефон соғып, скорыйды өмірде ала алмаймыз. Ауру баланы такси ұстап апарамыз. Сұмдық!», «Осындай дәлел керек.Сонда шара қолданылады. Дәлел жоқ болса құтылып кетеді» деп шырылдауда жұрт.

Арасында «Дәрігерлер де депутаттардан үйренген-ау, жұмыс кезінде ұйықтауды» деп мысқылдап алғандар да болды. Осы орайда, Жанбота Копашева есімді дәрігер: «Аузыңызды байқап сөйлеңіз! Көрер едім, түнімен суткада жұмыс жасасаң», – деп дүрсе қоя берді.

Оған қарсы «Сізді біреу қинап жұмысқа қойды ма? Жауапкершілік болу керек!», «Жанбота Копашева, суткаға ұйықтап, дайындалып келмей ме түнімен? Күндіз өз шаруаларыңмен жүріп, түнде ұйықтауға келесің ғой. Олай ұйқың қанбай жүрсе, жұмыстан шығып кет, халықты алдамай! Сосын жалғыз сендер емес, сутка жұмыс жасайтын» дегендей пікір қалдырғандар көп. Алайда, дәрігер де оңайлықпен бет қаратайын деп тұрған жоқ, «Дәрігер, фельдшер тауып берсеңдерші, мықты болсаңдар!» – деп қасарысып отыр.

Ал Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы аккаунтынан: «Бұл жағдай бойынша Қазығұрт аудандық медициналық жедел-жәрдем станциясының барлық қызметкерлерінен түсініктеме алынды. Диспетчер, дәрігер, фельдшер және жүргізушіге қатаң сөгіс берілді. Шақыртуға бригада барып, қызмет көрсетілген. Науқастың туыстары тарапынан шағым жоқ» деген жауап жазылды.

Желі қолданушылар ол жауапқа да қанағаттанып отырған жоқ. Айтуларынша, көбі жедел жәрдемнің осындай немқұрайдылығы мен жайбасарлығынан әбден ығыр болыпты.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here