Мұхтар Жәкішев үшінші рет шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Загрузка...

Мұхтар Жәкішев үшінші рет шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді. Бұл туралы Facebook-те оның қорғаушысы Нұрлан Бейсекеев хабарлады.

«Мен 2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев үшінші рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергенін, оны Семей қаласының соты 10 ақпанда қабылдағанын хабарлауға асығамын», – деді құқық қорғаушы.

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда Астанада (Нұр-Сұлтан) ұсталған. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін айыпталып, 14 жылға сотталды. Мұхтар Жәкішевке шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру үшін түрме мерзімінің үштен екісін өтеу керек еді. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталған.

2018 жылдың қараша айында Жәкішев Семей қаласының №2 сотына шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішімен жүгінген еді. Сот бұл сұранысты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені ол келтірген залалдың жалпы сомасын – 99,6 млрд. теңге төлемеген.

2019 жылдың 24 шілдесінде сот тағы да шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: