Home Бүгінгі жаңалықтар Ассамблеяға бөлінген миллиондардың нәтижесі қайда?

Ассамблеяға бөлінген миллиондардың нәтижесі қайда?

Еліміздегі этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өткен жылы 64 миллион теңге бөлінген. Ұлтаралық татулықты қамтамасыз етуші – Қазақстан халқы Ассамблеясының бюджеті кешелі-бері әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Еліміздегі тұрақтылыққа жауапты ұйымға бөлінген миллиондар мұнымен бітпейді. Түрлі концерт, фестивальдардің өзіне бюджеттен жалпы сомасы 80 миллионнан астам қаржы кеткен. Қоғам белсенділері қыруар қаражаттың нәтижесін көрмей отырмыз дейді. Ал Ассемблея бюджет ақшасын көзделген мақсатқа жұмсады ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.   

Бейбітшілік пен келісім туралы сөз болғанда алдымен ойға Қазақстан халқы Ассамблеясы оралады. Ал  елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде бұл ұйымға үлкен жүк артылатынын Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Елбасы қадап тұрып айтты.
«Құқық қорғау орындарының да жіберген қателіктері бар. Жергілікті әкімшіліктер, облыс, аудан әкімдіктері қайда болды? Біздің Ассамблеямыз бар. Ассамблеяның ешқандай өкілеттік құқығы жоқ. Дегенменен, сондай мәселелер шығады деген жерлерді Ассамблея бәрін біліп отыруы керек», – деді Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы бағыттағы жұмысты жүргізуге қазынадан қыруар қаржы бөлінуде екен. Күні кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясына қанша қаржы қаралғанын жариялады. Сандарды сөйлетсек.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға 2019 жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлініпті. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдеріне жұмсалған. Ал Ассамблеясының концертін өткізу 70,9 миллион теңгенің айналасында. Бұл қаражат биыл тағы артпақ. 4 миллионға. Қош. Бұдан бөлек, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін де аз ақша бөлінбепті. 64 миллион теңге.

«Тілін, дінін, дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға қыруар қаржы бөлініп жатыр екен. Мемлекеттік бюджеттен және республиканский бюжеттен бөлінеді екен. Осынша игерілген ақшаны олар деген қайда жұмсап жатыр? Ешкім есеп бермейді. Ешкім білмейді. Кез-келген жерде кикілжің болып қалатын болса, егер де ол шынында да ұйым болатын болса, шынайы ұйым болатын болса, бірінші баруы керек. Бердібек Сапарбаевтан комиссия түзілмей жатып солар ортасында жүруі керек», – деді қоғам белсендісі Жұмамұрат Шәмші.

Мәжілісмен Азат Перуашев та Ассамблеяның жұмысына серпін керек дейді. Оның сөзінше, халыққа мейілінше жағын болуы керек.

«Кез келген институт, әсіресе Ассамблея сияқты біздің елімізде мемлекеттік институтқа айналған нәрсе ғой. Әрине бұндай жағдай, мына оқиға Ассамблеяға да сын болып отыр. Ассамблеяның жұмысын расында да қарапайым халықтың мұқтажына жақындатып келтіруім керек деп санаймын»,  – деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Тыныштық пен бірлік өзінен өзі келмейді. Ол анық. Ассамблеяға қарасты Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы осылай деп отыр. Оның айтуынша, идеологияға қаражат аяу – дұрыс саясат емес.

«Қордайдағы оқиғаның өзі әлі де болса, идеологиялық қоғамда кездесетін кемшіліктердің  шетін көрсетіп отыр, идеология мәселесіне, тәлім-тәрбие мәселесіне халықпен жұмыс істейтін ұйымдарға бұл қаражатты шектеу, дұрыс саясат емес. Өйткені, идеология деген нәрсе көзге көрінбейді, оның нәтижесі тыныштықта, бірлікте», – дейді Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Қайырұлы.

Іргелі ұйым 1 мамырда ғана төбе көрсетіп, концерт пен түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырумен ғана шектелмесе дейді қоғам белсенділері.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here