«Екі сағаттық өмірің қалды»: Қатерлі ісікті керосин ішіп емдеген қарияға дәрігерлер не деді

Загрузка...

Астаналық Назарбай Жанпейісов рактан тұрмыстық керосин ішіп емделген. Дәрігерлер екі сағаттық ғұмарың қалды деп ескерткенде шыбын жаны үшін керосин ішуге тура келгенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ниет» бағдарламасына сілтеме жасап. 

1952 жылы Жаңарқа ауданында туған Назарбай ақсақал 2000 жылдары Нұр-Сұлтанға көшіп келген. 2013 жылы ауру мазалай бастаған.

«Дәрігерлер арнайы тексерістен өткізген соң екі ақ сағат өмірің бар деп айтты. Ары кетсе екі күндей өмір сүрерсіз, осымен болдыңыз деп тоқ етерін айтты. Біртүрлі әсер де болдым. Бірақ өзіңнің жаның үшін тырбыңдауың керек. Есім бір кіріп, бір шығып жатты. Қызымды жансақтау бөліміне алып келіп, дәрігерлер бетімнен ұрып-ұрып бұл кім деп сұрағанда қызым дедім. Сонда дәрігерлер енді есін жияды деп айтты», – деген ақсақал ауылдағы інісі тұрмыстық керосин әкеліп ішуге ұсыныс тастағанын есіне алды.

«Ауылдағы інім Орынбай жағдайыңыз нашар, дәрі ішуге келмейді деп тұрмыстық керосинді қайнатып, дайындап берді. Бір жарым айдай іштім. Содан кейін онкологияға барғанда дәрігерлер бәрі артта қалды, химияның керегі жоқ екенін айтты», – деген Назарбай ақсақал керосинді қалай ішкенін айтып берді.

«Тұрмыстық керосин аптекада, құрылыс дүкенінде болады. Басыңа түскен соң ішпеймін деп айта алмайсың. Алла Тағаланың өзі де «аш болсаң Құран кітапты аяқтың астына қойып, нан алып же» дейді. Жаңарқадағы ағайын-туыстарым керосинді су мен тұзға қалай қайнатады бәрін үйретті. Тұзбен араластырып қайнатып, кейін тазалап сүзіп алса, исі жағымды, адамға ешқандай зияны жоқ болады», – дейді Наразбай Жанпейісов.

Осы оқиғаға байланысты дәрігерлер ақсақалдың рактан жазылуы керосиннен емес дейді. Өйткені бір емес, екі ота жасаған соң ракты толықтай алып тастап, құлан-таза айықты деп түсіндірді.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: