Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

«Расист, русофоб»: Сенатор Мұрат Бақтиярұлының Wikipedia-дағы өмірбаянын өзгертіп жүрген кім?

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

Әзірге тіл жанашырын өйтіп ту сыртынан кімдердің тілдеп жүргені белгісіз. Өмірдерегін «түзетушінің» Dmitriy AL деп көрсетілген есімі бүркеншік есім болуы мүмкін.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жұмысын шала атқаратын министрлер мен әкім-қараларға ерекше шүйлігеді. Желідегі жұртқа да сонысымен жағады. Сол себепті болса керек, әлдебіреулер оның Wikipedia интернет-энциклопедиясындағы өмірдерегіне «расист» және «русофоб» деген «өзгеріс» енгізіп қойыпты деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Таяуда ғана «Тоқаевтың тапсырмасын орындауға өз ісіне жүрдім-бардым қарайтын шенді-шекпенділер кедергі келтіріп отыр», – деп мәлімдеген еді сенатор. Сондай-ақ, ол тіл мәселесіне келгенде де көкейдегі ойын бүгіп қалған емес.

«Еліміздің әр азаматын қазақ тілін білуге міндеттейтін уақыт келді. Мемлекеттік тілді білу – борыш емес, міндет! Заңнамаға осындай өзгеріс енгізу керек. «Борыш» деген сөз қазақстандықтардың сана-сезіміне ешқандай әсер етпейді, көбісі бұған мән бермейді де. Сол себепті, азаматтар қазақ тілін меңгеруге талпынбайды, ал кейбіреулер оны пайдасы жоқ деп есептейді. Тілді білуге міндеттемесек, қазақстандықтар оны меңгермейді», – деген ұстанымда Мұрат Бақтиярұлы.

Осы орайда, сенатордың тілге қатысты талаптары кейбіреудің шамына тиіп кеткенге ұқсайды. Мысалы, оның Wikipedia интернет-энциклопедиясындағы өмірдерегіне өзгеріс енгізіп, «расист», «русофоб» деп жазып қойғандар бар. Әзірге тіл жанашырын өйтіп ту сыртынан кімдердің тілдеп жүргені белгісіз. Өмірдерегін «түзетушінің» Dmitriy AL деп көрсетілген есімі бүркеншік есім болуы мүмкін.

Dalanews.kz сайты ол туралы «Белгілісі – қазақ тілінің қас жауы. Сенатор сөз еткен «мемлекеттік тілді меңгеруге талпынбайтын әрі пайдасы жоқ» деп есептейтін есерсоқтың бірі. Қазақ тілінің сойылын соғып, намысын жыртып жүрген азаматтарды атарға оғы жоқ, астыртын күресіп жүрген орыс шовинисі болуы да ғажап емес» деп жазған.

Енді сенатор бұл мәселені жылы жауып қоя салмай, ар-намысына (оның ғана емес, жалпы мемлекет пен тілге құрметпен қарайтын кез келген азаматқа) тіл тигізген адамды анықтауы керек-ақ.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...