Ресейлік барлау қызметіне байланысы бар деген 78 аккаунт бұғатталды

Загрузка...
2014 жылы малайзиялық авиалайнердің Украинада апатқа ұшырауына қатысты жергілікті және саяси жаңалықтарды жазып отырған.

Америкалық Facebook компаниясы әлеуметтік желінің ережесін бұзғаны үшін Facebook-те 78 аккаунт, 11 парақша және 29 қауымдастықты, Instagram-та 4 аккаунтты өшірді. Олар шетелге қол сұғу ережесін бұзған деп айыпталды. Тыйым салынған әрекет Ресейден Украинаға қарсы бағытталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz, DW сайтының дерегіне сүйеніп.

Компания жариялаған құжаттың мәліметінше, бұл парақшалардың әкімдігі мен аккаунттардың иелері орыс, ағылшын және украин тілдерінде Украинаның танымал адамдарына, Ресейдің Сириядағы әскери операциясына, Қырымдағы этникалық қарбаласқа, 2014 жылы малайзиялық авиалайнердің Украинада апатқа ұшырауына қатысты жергілікті және саяси жаңалықтарды жазып отырған.

Facebook хабарламасына сүйенсек, бұл желінің артында тұрған адамдар өздері мен қызметтерін жасырын ұстауға тырысқанымен, тексерістен соң олардың ресейлік әскери барлау қызметіне байланысы бар екені анықталған.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: