Home Бүгінгі жаңалықтар "Қажеттіліктен келдім": Журналист қыз автомеханика мамандығына қалай келгенін айтты

«Қажеттіліктен келдім»: Журналист қыз автомеханика мамандығына қалай келгенін айтты

25 жастағы Қымбат Қалиева негізгі мамандығы журналист болғанмен, қазір автомеханик болып істеп жүр. Темір тұлпарларды жөндейтін ару әріптес достарының арасында «темірқыз» атанып кеткен. Қымбат мұндай қадамға қажеттіліктен бардым дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ниет» бағдарламасына сілтеп хабарлайды. 

«Менің автомеханикаға деген қызығушылығым қажеттіліктен туды. Себебі машинасын үй етіп саяхаттайтын адамдарға қатты қызығамын. Түрлі-түрлі адамдардың парақшаларына жазылып, қарап, менде де осындай болса екен деп армандайтынмын. Бір күні неге мен өз ойлағаныма жете алмайтындай етіп армандаймын деп ойладым. Алдымен маған көлік жүргізіп үйрену керек деп шештім. Көлік жүргізген кезде көлік туралы ештеңе білмейді екенмін деген қорқыныш пайда болды. Оны жеңу үшін автомеханик болып жұмыс істеу керек деп ойладым. Содан бір күні инстаграмда көмекші, механик, видеограф керек деген хабарламаны көріп, сол жердің еденін жусам да барып қыр-сырын біліп, бір нәрсе үйренем-ау деген оймен келдім», – деді Қымбат Қалиева.

Автомеханикаға келген ару мақсаты журналистикадан біржола кету емес, тек автомеханиканы игеру екенін айтады.

«Мақсатым журналистиканы тастау болған жоқ, автомеханикаға келу болды. Ақпараттық қоғамда өмір сүрген соң, бәрібір инстаграмнан блог ашып жүрсемде журналистикадан кетпедім деген сөз», – дейді «темірқыз».

«Көліктің тілін табу шынын айтсам оңай емес. Алғашқы бір ай бойында қиын болды. Мен өзім үйде ерке өскен қызбын. Барған кезде «саморез» алып кел дейді. Мен өмірімде оны көрген емеспін. Ондай жағдайлар көп болды. Мен бұл жұмысты алып кете алмаймын, машина туралы түк білмеймін, журналистикама кете берейін дегенде ойлар болды. Бірақ түк білмесем де барам, істеймін деп тұрып алдым. Алғашында үйренгенімді ұмытып қала бердім. Өзім емес, организімім қабылдамай тұрды», – дейді Қымбат Қалиева.

«Маған келген барлық машинаның тілін білемін. Қыз жөндейтін болса көлігін сеніп тапсыра алмайтын еркектер бар. Олар кәдімгіей ағарып, бозарып кетеді. Қасымда тұрады. Сенбейді. Жөндеп берген соң рахметін айтады», – деген  Қалиева машинасы жақсы жүріп кетсе, сен туралы бәріне айтатын боламын дейтін ер азаматтардың көп екенін айтады.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here