Басы жұлынып кеткен: Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты орын алды

131314

Нұр-Сұлтан қаласында жантүршігерлік жол апаты орын алды.

Желіде таралған суретте ер адамның бассыз жатқан денесін көруге болады. Жол апаты Нұр-сұлтан қаласының маңында орын алған. Дәлірек айтсақ, Қарағанды тас жолында әуежайының жақын жерде болған.

131313

Жол – көлік оқиғасының салдарынан «Toyota» маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орынында тілтартпай кеткен. Ауыр апаттан ер адамның басын жұлып кеткен. Өз кезегінде, Нұр-сұлтан қаласының жол полициясының баспасөз қызметі оқиға 3 қазан күні сағат 6: 33-те әуежай (Қарағанды-Нұр-сұлтан) мағында айналма жол бойындағы көпірде «Toyota Camry» автокөлігі мен «Shansi Man» жүк акөлігінің соқтығысуынан орын алғанын хабарлады.

«Анықталғандай, жеңіл автокөлік қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, жүк автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында «Toyota Camry » автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Қайғылы оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тез таралып кеткен. Суретте қайтыс болған ер адамның бейнесі бар. Сондай-ақ, жүк көлігінің суреті де таралды.

© https://www.ktk.kz/