Home Бүгінгі жаңалықтар Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы туралы Назарбаев пен оның қызынан жауап алуға шақырды

Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы туралы Назарбаев пен оның қызынан жауап алуға шақырды

11 ақпанда Алматыда осыдан он төрт жыл бұрын жанындағы екі серігімен бірге қастандықпен өлтірілген оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. «Астана» қонақ үйінде өткен шараға саясаткерлер, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар мен жазушылар қатысып, марқұм туралы естелік айтты.

Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы журналист Рысбек Сәрсенбай шарада оқыған «Арнаулы баяндама» атты үндеуінде бауырының қазасына байланысты елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы, қазір парламент сенатының спикері Дариға Назарбаевадан жауап алуға шақырды.

«Қазаның құпиясы әлі толық ашылмады. Тапсырыс берушінің аты-жөні нақты аталмады. Негізгі күдіктілер тасада қалып қойды. Назарбаев күйеубаласы [Рахат] Әлиевті дер кезінде жауапқа тартқан жоқ» деді ол.

Рысбек Сәрсенбай туысының қазасына байланысты күдікті ретінде экс-президент пен оның қызынан жауап алуды талап ететінін мәлімдеді.

«Ол үшін «Елбасы туралы заң» (Назарбаевтың заңмен бекітілген бұл мәртебесі оны кез-келген қудалаудан қорғауға кепілдік береді – ред.) жойылсын. [Қазақстан президенті Қасым-Жомарт] Тоқаев осы талабымызды орындасын» деді Рысбек Сәрсенбайұлы. Сонымен бірге ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір шетелде тұратын Әлнұр Мұсаев та жауапқа тартылуы керек деп санайды.

Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды 2006 жылы 11 ақпанда Алматыда ұрлап әкеткен. Атып өлтірілген үшеуінің сүйегі екі күннен кейін Алматы іргесіндегі тау бөктерінен табылған болатын.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмысқа байланысты жүргізілген ресми тергеуден кейін, Қазақстан соты қастандықты «кек алу мақсатымен» ұйымдастырушы деп таныған парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевты және қылмысқа қатысы бар деген айыппен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бірнеше офицерін соттады. Тапсырысты орындаушы ретінде өмір бойына түрмеге қамалған полицияның бұрынғы қызметкері Рустам Ибрагимов кейін соттағы сөзінен айнып, жаңа куәлік берді. 2014 жылы желтоқсанда Сәрсенбайұлының қазасы туралы істі қайта қараған сот Рүстем Ибрагимовтың мәліметтері негізінде, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевты кісі өлтіруге тапсырыс беруші ретінде таныды. Ол екеуі өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарған.

Өзінің «Өкіл қайын ата» кітабында саясаткерді қастандықпен өлтіруге тапсырыс берген адамдарды «Қазақстанның жоғарғы басшылығы арасынан іздеу керек» деп жазған Рахат Әлиев 2015 жылы 24 ақпанда Вена түрмесіндегі камерадан өлі күйінде табылды. Австрия билігі Әлиев «өз-өзіне қол салған» деп мәлімдеген еді. Кей сарапшылар бұған күмән келтіреді.

2014 жылы қарашада сот шешімі бойынша бостандыққа шыққан Ержан Өтембаев 2018 жылы маусымда қайтыс болды. Онымен бірге сотталған ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы бөлімінің қызметкерлері түрмеден босап шыққан.

Совет одағы тарамай тұрғанда Қазақстанда билік басына келген Назарбаев былтыр наурызда кенеттен президенттік өкілетін тоқтатқан, бірақ оның қолында мемлекетті басқаруға ықпал ететін тетіктер әлі бар. Әкесі президенттіктен кеткен күні оның үлкен қызы Дариға Назарбаева мемлекеттік билік иерархиясында екінші боп тұрған жоғары лауазымды қызметке – парламент сенатының спикері болып отырды.

Құқық қорғаушылар мен оппоненттері Назарбаевты саяси оппозицияны басып-жаншып, авторитарлы билік жүйесін орнатқан, сынға төзбейтін жеке-дара билеуші деп атаған.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here