Home Гу-гу сөз Балтабек Нұрғалиев Сәбит Әбдіқалықовты қатты сынға алды

Балтабек Нұрғалиев Сәбит Әбдіқалықовты қатты сынға алды

Елбасы мен оның жақындарына арнап жазған отты жырларымен танылған ақын Балтабек Нұрғалиев мәдениет және спорт министрі Ақбота Рахметоллақызының атына өтініш жолдады. Бұл жазба Facebook парақшасы арқылы көпшілікке таралды. Оның бұл жолғы нысанасы Сәбит Әбдіқалықов. Әрине жыр арнамаған. Театр директорын әбден сөккен. Тіпті, Сәбитті   М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қылып тағайындаудың өзін өрескел қателік деп санайтындығын ашық айтқан деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

– Өзіңіздің назарыңызға ұсынатын бір мәселе бар. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіқалықовқа қатысты. Сәбит Әбдіқалықовтың бұған дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болғандығынан хабардарсыз деп ойлаймын. Сол кезеңде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратын жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен біраз қаражат бөлінгендігін ешкім жоққа шығармайды. Сол жөндеу жұмыстарының дұрыс жасалуына Сәбит Әбдіқалықов қаншалықты жауапкершілікпен қарағандығын ешкім зерттемеді де, зерделемеді де. Сәбит Әбдіқалықов театр басшылығынан кеткен соң, орнына басшы болып Азамат Сатыбалды келді. Алайда жаңа басшы Азамат Сатыбалды театр директорлығына тағайындалған соң, бұрынғы басшының жұмыс сапасын зерттейтін аудит шарасын жасады ма екен? Қазіргі таңда аталмыш театрдың жағдайы өте мүшкіл», – деп пікір білдірген ақын.

Бюджеттен бөлінген қаржының өз орнын таппағанына Сәбитті кінәлайтын ол, бүгінгі Ғ. Мүсірепов атындағы театр көрінісін көрсе жаны ашитындығын жеткізді. Тіпті, спектакль тамашалауға барғанда құлағыңның ұшына дейін сезілетін суықты есептемегенде, актерлердің театрда қалай төзіп жүргендігіне таңдануда. Тіпті, театрдың жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы басқадай мақсаттарға кетіп қалды ма деген алаңдаушылығын да білдіруде.

– Қалың пальтомызды, бас киімізді шешпестен, отырып, спектакль көруге мәжбүр болдық. Сонда театр ғимаратына жөндеу жұмыстары жөнді жасалмағандығының салдары ма бұл? Театрды жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы қалай жоспарланды екен, осыны аудит жасап, тексерудің артықтығы болмас еді ғой?, – дейді ақын.

Бұрындары театр қабырғасында жұмыс тәжірибесі болмаған, режиссер және көркемдік жетекші ретінде танылмаған Сәбит Әбдіқалықовты М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының басшылығында ұстау жөнсіз деп есептейді.

– Қазіргі таңның өзінде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Сәбит Әбдіқалықов өз орнында емес екен. Денсаулығына байланысты демалыс алыпты деп естідік. Оның денсаулығына шынымен бірнәрсе болған болса, бұндай созылмалы демалыс алатын басшыны ауыстыру туралы ойлану керек емес пе, қалай ойлайсыз? Оның денсаулығына байланысты демалыс алуының себебін де зерттеуден өткізу керек секілді. Тиісті сала мамандарына сұрау салуыңызды сұраймын, – дейді ақын ашуға беріліп.

Жақында ғана үшінші рет отау құрған Сәбиттің ұзаққа созылған демалысын той тойлап, қонақ күтудің қамы деп есептеген ол:  – Денсаулығына байланысты демалыс алған адам емін қабылдап, жатпаушы ма еді? Бұны қалай түсіндіресіз? Бұл дұрыс па? – деп Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұловаға сауал жолдады.

– «Үкімет мүшелері, соның ішінде министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек» деп Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты әрі анық айтқандығын Сіз де жақсы білесіз. Сіздің министр ретінде еліміздің театр саласына жаныңыз ашиды деп үміттенемін және осы салада болып жатқан былықтарға көз жұма қарамайтындығыңызға сенгім келеді!»

Әрине, ақынның сеніміне селкеу түспейді деп сенеміз. Алайда, осы орайда «Министрліктегілерге президенттің сөзі жүрмей ме! – деген сұрақ туындайды!?.. Әрине, ары қарай істің ақ қарасын Ақбота Райымқұлова ханымға тапсырдық.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here