Home Бас мақала Сара Алпысқызының сұхбаты: "Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды"

Сара Алпысқызының сұхбаты: «Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды»

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, «Бөбек» қорының негізін салушы Сара Алпысқызы 12 ақпанда 79 жасқа толды. Sputnik Қазақстан туған күн иесінің 1994 жылы «Әйелдерге гүл сыйлаңдар» бағдарламасына берген сұхбатын ұсынады.

Sputnik. Сары Алпысқызы елдегі экология, денсаулық саласы, қоғамдық қордың жұмысы мен отбасындағы ауызбіршілік, күйеуіне деген сүйіспеншілігі жайлы айтты.

«Халықтың ішінде ең қорғансызы – балалар. Сондықтан мүмкіндігінше сол балаларды қорғауды миссия етіп алдым. Бұл миссияны өз мойныма алуға, көмек көрсетуге менің жағдайым да рұқсат береді. Мүмкін мен соны пайдаланған шығармын. Ең алғаш «Бөбек» қайырымдылық қорын ашқанымда жұмысты еліміздегі тұрмыс жағдайы қиын облыстардан бастадық. Оның ішінде Семей, Арал секілді экологиялық елді мекендер бар», – деді Сары Алпысқызы.

1994 жылы Назарбаева сол кездегі АҚШ президенті Билл Клинтонның жары Хиллари Клинтонның қабылдауында болған. Кофе барысында екі елдің ханымы экология тақырыбында әңгімелесіпті.

«Мені АҚШ президенті Билл Клинтонның жары Хиллари Клинтон қабылдады. Кофе ішіп отырып, пікір алмастық. Ол біздің Қазақстандағы жағдайға қызыға қарады. Тіпті Семей қаласы жайлы өзі сұрады. Ол жақтағы экологиялық жағдайға байланысты науқас балалар дүниеге келетіні жайлы біледі екен. Менің басты миссиям осы болғандықтан, жаныма не бататынын айтып бердім», – деді Назарбаева.

Сара Назарбаева полигон орналасқан жердің тұрғындарымен кездескен.

«Семейде науқас балалардың анасымен, жергілікті халықпен кездестік. Көздеріне жас толған егде жастағы ер адамдар келіп, «Біздің келіндеріміз бала туудан қорқады» деп айтты. Себебі дүниеге науқас, кемтар балалар келеді. Осы жағдай жайлы Клинтонға айттым», – дейді Назарбаева сұхбатында.

«Өзімді бақытты адам санаймын»

Сара Алпысқызының айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы екеуі бір-бірін үнсіз ұғып, рухани үндестікте жүреді. Ал өзі әділетсіздіктің алдында ешқашан бас имейтін адам.

«Нұрсұлтан Әбішұлы – біздің қорғанымыз, тірегіміз. Менің Назарбаевым адамды ешқашан қорламайды. Болмысы сондай. Отыз жылдан бері бірге тұрып келеміз. Осы уақытқа дейін ренжіссек те, ұрыссақ та бір ауыз сөз естіген емеспін. Әрине, ондай оқиғалар жас кезімізде болды. Ал қазір біз өмірі бір қалыпқа түскен, түсіністікпен қарайтын жастамыз. Мен табиғатымнан тәуелсіздікті ұнататын адаммын. Мен туралы әділетсіз шешім айтылып, жала жабылып жатса, дөрекі түрде жауап қатуым мүмкін», – дейді ол.

Назарбаева өзін бақытты адам санайтынын, махаббат сөзін айтудан ұялмайтынын және сезімнің арқасында рухани келісімде балаларын тәрбиелеп отырғанын айтты.

«Өзімді бақытты адам санаймын. Біздің махаббатымыз қуанышты да, қайғыны да бірге көрді. Барлығы өз ретімен өтіп жатыр. Иә, мен махаббат деген сөзден ұялмаймын. Біздің отбасыда екеуміздің арамызда түсінісу, рухани үндесу бар. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы болған соң балаларымыз да дәл солай. Қазақта «Ұяда не көрең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Біздің балалар да осылай тәрбиеленген. Біздің шаңырақта «мен бастықпын» деген сөз ешқашан айтылған да, бұл тақырып көтерілген де емес», – деді Сара Назарбаева.

Сондай-ақ, Сара Назарбаева гүл өсіргенді жақсы көреді. Оларды бір-бірінен бөліп жарғысы келмейді. 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде алған ең үлкен сыйлық жайлы айтты.

«Маған барлық гүл ұнайды. Біреуін атап, қалғанын шетке ысырып қоя алмаймын. Мен үшін адамның көңілі маңызды. Мейрамда «маған мына затты сыйла» деп айтпаймын. Мен үшін балаларымның, жолдасымның көңіл бөлгені маңызды. Олар 8 наурызда мені қуантуға тырысады. Ештеңемен салыстыруға келмейтін, ең үлкен сыйлық – осы», – деді Назарбаева.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.  Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы, білім беру саласының құрметті қызметкері әрі қоғам қайраткері.

1992 жылы ана мен баланы қорғауға, жетім балаларды қақморлыққа алып, олардың толыққанды білім алуына жәрдемдесетін «Бөбек» қорының негізін салды. Осылайша жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жәрдемдесудің жаңа жүйесін қалыптастырды.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here