Home Бүгінгі жаңалықтар Қазақ ұлтынан тағы бір этнос өкілі кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қазақ ұлтынан тағы бір этнос өкілі кешірім сұрады (ВИДЕО)

Биылғы жыл Қазақстанда біраз этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлт – қазақты басынғысы келіп, кейін кешірім сұрауымен басталды. Әлі де жалғасып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, 29 қаңтарда Теміртау қаласының тұрғыны Вячеслав Злотинский деген жігіт әлеуметтік желі арқылы украиналық блогермен сұхбаттасып, оған өзінің қазақ тілін үйренгісі келмейтінін, тіпті, Қазақстанның Ресейге автономия болып қосылғанын қалайтынын айтқан еді. Көп ұзамай, рухты жігіттер оның тәубасын танытып, видео арқылы дүйім жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр етті.

Одан кейін елордада домбыраны еденге ұрып паршалаған орыс жігіттің қазақ халқынан кешірім сұраған бейнежазбасы жарияланды. Айтуынша, ол бұзақылық әрекетін былтыр жасап, соның салдарынан жергілікті жігіттерден оңбай таяқ жеген. Алайда, сол видео биыл қайта тарап кетіп, тағы да соққыға жығылған сабаздың бұл бір білместігі үшін екінші мәрте кешірім сұрауы екен.

Қазақстанда жүріп, қазаққа қарсы доқ көрсетіп қалудың ең сорақысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жағдай болды. Сондағы ауыл жұртын басынудың зардабын еселеп тартқан дүңгендердің көрші қырғыз еліне шекара асып кетулеріне тура келді. Кейін олар да жаздым-жаңылдым деп кешірім сұрап құтылмағанда, ашу-ызасы қайнап тұрған қазақ жастарының бір дүмпумен шектеле қоймағаны анық еді.

Енді міне, facebook желісінде ұйғыр ұлты өкілінің де тыныш жүрмей, өзінше бір кісәпірсіп қалуға тырысқаны әшкереленді. Ол әлеуметтік желіде көк байрақ суретінің астына «кейін Қазақстан деген мемлекет болмайды, оның орнына Ұйғырстан мемлекеті құрылады» дегендей сандырағын жазған.

Оны түнде құба жонға алып шыққан қазақтың жігіттері тізерлетіп отырғызып қойып, машинаның жарығымен видеоға түсіріп тұр.

«Бүкіл қазақ жігіттерінен кешірім сұраймын. Жазғанымды мойындаймын», – деп міңгірлеген кінәліге: «Не деп жаздың? Конкретно соны айт!» – деп жекіді біреуі. «Мен тудың астына Қазақстанның жоқ болатынын айттым. Сол үшін кешірім сұраймын», – дей бастап еді, «Жоқ, конкретно, үтір-нүктесіне дейін айт, не жаздың?» – деп нақтылай түсті әлгі азамат. «Қазақстанның орнына Ұйғырстан болады дегенім үшін кешірім сұраймын», – деді жыларман болған жігіт.

Бұл ретте, олардың осылайша өзінің кейін қолға түсіп, кешірім сұрайтынын біле тұра, тұтас ұлттың намысына тиетін өрескелдікке неге баратыны түсініксіз. Біртұтастық пен тыныштықты ту еткен қазақпен бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқандарын көтере алмау – ұят тірлік, әрине!

ВИДЕО: www.facebook.com/baqyt.oser/videos/864402977363182/

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here