Home Бүгінгі жаңалықтар "Аруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды": Абайтанушы Омар Жәлел айтқан...

«Аруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды»: Абайтанушы Омар Жәлел айтқан сөзі үшін ақталмайтынын айтты

«Қыз-тауар. Ата-ана сол тауарды өткізуі керек». Бұл Абайтанушы, ғалым Омар Жәлелұлының өз теңін әлі таба алмай жүрген қыздарға айтқан сыны мен ақылы. Отандық бағдарламалардың бірінде «Сүйгенді табу оңай ма?» тақырыбында пікірталаста өз ойын айтқан ғалым мырза сөзінен «жаңылып», отандық блогерлер өре түрегелді. Stan.kz тілшісі Омар Жәлелдің өзіне хабарласып бұлай айтудағы мақсаты не екенін сұрап білді. 

Белгілі ғалымның бұл айтқан пікірі желілерде қызу талқыға түсті. Редактор, сценарист, продюсер Перизат Мырзахмет бұл пікірге байланысты өз инста-парақшасында жазба қалдырып, Жәлелұлының сөзіне шамданған болатын. Перизаттың пайымынша, көпшілік алдына шыққан соң айтылған әр сөзге абай болу керек дейді.

«Барлығы тек тауар деген сөзге бола қарсы шықты деп ойлап жатыр. Белгілі бір деңгейде тауар дегенін метафора деп айтып ақталатын шығар. Өйткені, кезінде Ақан сері «Қызға бермес жануарым» деп Құлагерді сипаттап, бізді малға да тең көрмеген. Оған көз жұмайық. Бірақ одан басқа бағдарламада педофилді қорғап, оқушы қызды зорлаған адамның сөзін сөйлеп, еркектік қылған екен деп ақтады. Одан кейін «аруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды» деп бір тиісті. Сонда қазақтың қыздары өзіне жар таңдамай, ұнаған адамына шықпай немесе екінші әйел болып күйеуге шыға беру керек пе?! Біз осыған қарсы шықтық. Онсыз да езгіде тапталып жүрген қыз-келіншектерді біз одан сайын жерге ұрмайық деген ой. Әйелдерді дамытайық, білімін тереңдетейік, санасын ашайық деп шырылдап жүрміз. Өйткені, санасыз әйелден санасыз ұрпақ шығады. Ұлт өспейді», – деген Перизат Мырзахмет Жәлелұлының жеке басына қатысты ешқандай қарсылығы жоқ екенін, ғалым ретінде талдауларын бағалайтынын айтты.

«Халықтың алдына шыққан соң ауыздан шыққан сөзге абай болу керек. Мұндай сөздерді естіген дарақы еркектер одан сайын құтырып кетеді. Әйел сезіне алады, әйел ойлана алады, әйел шешім қабылдай алады. Осыны басты қағида етіп, есімізде ұстауымыз керек», – деген журналист қоғамда әйел адамның өз орын барын және оған құрметпен қарап үйрену керектігін айтады.

«Дін тұрғысынан алсақ та әйелдің міндеттері мен қоса құқықтары да бар екенін айтып кетеді. Адами, діни, қай жағынан алсаң да әйелдің құқықтары бар. Сол құқықтар біздің қоғамда тапталып жатыр», – дейді Перизат Мырзахмет.

Инстаграм желісін белсенді пайдаланушы Лаура Арғын Абайтанушының бұл сөзін ғалым адамға тән деп есептемейді.

«Қазақ еркектері үшін әйел адам емес. Қанша жерден ғалым, абайтанушы болғанмен, бірақ ұлудың миындай миы жоқ екен. Ең қорқыныштысы, Омардың сөзіне басқа еркектер құлақ түреді, бірақ ондай азаматтар аз шығар деп үміттенемін», – деген Лаура еліміздегі әйелдер қауымына деген көзқарастың әлі де болса түзелмегеніне қынжылады.

«Шындығында бұл тақырыпқа келгенде тағы не айтарымды білмеймін. Қазақстанда әйелдерді үй қызметшісі сияқты қарайды. Ол кісіні қалай философ, ғалым болғанын білмеймін, оның айтып отырғанының өзі сауатсыздық қой. 2020 жыл болғанына қарамай біз әйелдің не істеп, не істемеу керектігін әлі талқылап, қоғамға не пайда әкеле алады деп бас қатырудамыз», – деген Лаура қыздар тарапына жасалған төмендету екенін, еркектер ел көріп, танымын кеңейтсе екен дейді.

Омар Жәлелұлы өз адресіне жазылған осындай қарсы пікірлердің барлығын көзге ілмей, жауап бермей отыр. Өзіне хабарласып сұрағанымызда: халықтың алдында не үшін тауар деп айтқанымды түсіндірдім, енді сұхбат бермеймін, ақталғандай болмайын деп қысқа қайырды. Сондай-ақ, айтқан пікірі дұрыс екенін, бұлай айтуда жаман ой жоғын, өресі жетпеген адамдар қате түсінсе өздерінің мәселесі екенін түсіндірді.

Дайындаған: Жанна Мәлік

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here