Home Бүгінгі жаңалықтар Алтай Көлгінов өзінің отставкасы туралы сұраққа жауап берді

Алтай Көлгінов өзінің отставкасы туралы сұраққа жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кезінде отставкаға кетуге қатысты ойын айтты. Елорда басшысы Алтай Көлгінов аудан әкімінің пара алу фактісінен кейін отставкаға кету туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін халыққа есеп беру кезінде журналистер ашық микрофон алып, Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есіловтің ұсталуына байланысты сұрақ қойды. Осы орайда тілшілер қала басшысының отставкаға кетуге қатысты ойын сұрады.

«Бәрі заң бойынша болады. Заң не дейді, солай жасаймыз», – деп қысқа ғана қайырды Көлгінов. Сосын бірден басқа микрофонда тұрған адамдарға сөз берді.

Айта кетейік, халыққа есеп беру кезінде залда Асқар Есіловтің әкесі Сансызбай Есілов те отырды. Ол бұрын әкімнің орынбасары болған. Одан кейін мәслихат пен қоғамдық кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

Есілов не үшін ұсталды

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Байқоңыр» ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтағанын мәлімдеді. Оған жекеменшік компания өкілінен «Байқоңыр» ауданын абаттандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарды алуға жәрдемдескені үшін пара түрінде iPhone-ның соңғы үлгісін алды деген айып тағылды.

Сондай-ақ, экс-әкім қызмет бабын асыра пайдаланып, жалпы қамқорлық жасады деген күдікке ілінді. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті қамауға алынған жоқ. Күдіктілер тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтауды сұрады.

Бүгінде қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, шенеуніктің алған парасына қарай 20-80 еселенген сома көлемінде айыппұл салынады, я болмаса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Есілов туралы не білеміз

Асқар Есілов әкім қызметіне 2019 жылы сәуір айында тағайындалды. Оның кандидатурасын мәслихат депутаттарына астананың сол кездегі әкімі Бақыт Сұлтанов таныстырған болатын. Депутаттар аудан әкімінің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Асқар Есілов 1979 жылы бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келген. Ресейдің Урал заң академиясында білім алған. Одан кейін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломатиялық академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласының қаржы департаментінде заңгер болып бастады. 2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры, ал екі жылдан кейін елорданың Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2019 жылдан бастап Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here