Әлия Назарбаева желіде анасына әсерлі жазба арнады

Загрузка...

Әлия Назарбаева желіде анасы туралы әсерлі жазба қалдырды. Анасын туған күнімен құттықтаған ол Елбасы мен Сара Алпысқызының сирек кездесетін суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KAZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Instagram-дағы жазбасында Әлия Назарбаева анасы Сара Алпысқызы : «Қаншалықты көп махаббат берсеңіз, соншасы өзіңізге қайтып келеді» деген сөзін қолданған.

84140709_192360608538080_5298511472595332030_n.jpg

«Туған күніңізбен, анашым! Махаббат пен даналығыңыз үшін рақмет!», – деп жазды ол сөз соңында.

Жазба Сара Алпысқызы мен Елбасының көп кездесе бермейтін суретімен бірге жарияланған. Небәрі бір сағатта Назарбаеваның жазбасы 4,5 мың лүпіл жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сара Алпысқызы Назарбаева 79 жасқа толды. Ол Қарағанды маңындағы кішігірім ауылда дүниге келді.

Сара Алпысқызы 1962 жылы оқуын тәмамдай сала еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы атанып, үш қызды тәрбиелеп өсірді.

Сара Алпысқызы елде қайырымдылық қызметімен де танымал. Ол 1992 жылы «Бөбек» қорын құрды, 1994 жылы «SOS – Қазақстанның балалар ауылы» қорын басқарды, ал бес жылдан кейін «Демография» қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болды.

Сонымен қатар, ол адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ балаларды үйлесімде өмір сүруге үйретуге бағытталған «Өзін-өзі тану» курсын білім беру жүйесіне енгізудің бастамашысы және авторы болды.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева бұған дейін анасымен және әпкелерімен түскен мұрағаттағы суретті көрсеткен болатын.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: