Home Бүгінгі жаңалықтар Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр

Қазақстанның зейнетақы қоры 174 мың адамды іздеп жатыр

Зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген. Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,6 миллиард теңгеге жетті

АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, зейнеткерлік жасқа толған 174 мың адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін дер кезінде рәсімдеу керектігін тұрақты хабарлап тұратындығына қарамастан, 174 235 адам әлі күнге дейін зейнетақы төлемдерін алу үшін өтініш бермеген.

«Талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10 604 764 131 теңгеге жетті», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, зейнет жасына толған, алайда төлемдерін әлі алмаған азаматтар үшін қазақ және орыс тілдерінде SMS-хабар, электронды пошталарға хабарламалар, тіпті мекенжайларына хат-хабарлар таратылып жатыр.

«Зейнет жасына жеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жергілікті мекенжай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі тиіс. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынылады. Банк шотына қор төлемдері мен мемлекеттік зейнетақылар ай сайын бір мезгілде аударылады», – делінген қордың сайтында.

БЖЗҚ мәліметінше, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар (ерлер – 63 жас, әйелдер биыл – 59,5 жас), сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар белгіленген кесте бойынша қордағы міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинағы есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

«Егер зейнеткер қордан зейнетақы төлемдерін алу үшін мемлекеттік корпорацияға өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. 12 еселенген мөлшер – 463 632 теңге. Егер шоттағы ақшаның көлемі бұл сомадан артық болса, зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріледі», – деп нақтылады БЖЗҚ.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here