Home Бүгінгі жаңалықтар Ақберен Елгезек Елбасы жобасына қарсы шыққаны ма?

Ақберен Елгезек Елбасы жобасына қарсы шыққаны ма?

Өткен аптада Қордайда болған оқиға бүкіл елді дүрліктіріп жіберді. Қазір қақтығысқа қатысты пікір көбейіп тұр. Ерінбегеннің бәрі өз ойларын білдіріп жатыр. Мың адам – мың түрлі ой. Сондықтан да, халық бір тоқтамға келу үшін сөзі өтімді зиялы қауым өкілдерінен тұщымды пікір күтетіні анық. /oinet.kz/

Жақында Фейсбук әлеуметтік желісінен Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, танымал ақын Ақберен Елгезектің мына бір жазбасын байқап қалған едік. Сөзбе-сөз келтірейік:

– Осындайда көрінуі тиіс Ассамблея қайда?! Бұл институт мұндай жағдайларды болдырмау үшін, елде ұлтаралық келісімді сақтау үшін құрылған жоқ па еді. Қанша рет осындай жағдай орын алды. Қорытынды шығарып жатқан Ассамблея жоқ. Демек, ұлтаралық қарым-қатынас пен келісім Ассамблеяға қарап тұрған жоқ дейміз. Ассамблея өз кезегінде қазақты сыйлата алған жоқ . Басты міндеті сол болуы тиіс еді! Өзге диаспораларды тәртіпке келтіре алған жоқ. Негізгі саясаты сол болуы керек еді. Жүктелген міндетті атқара алмаса, онда мұндай декоративті ұйым таратылуы тиіс, – дейді ақын ашуға ерік беріп. Нақты шешім ұсынып.

Screenshot_5.jpg

Malim.kz сайтынан

«Мәссаған безгелдек! Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) – Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы екені баршаға белгілі. Елбасы жобасына қарсы шығу деген отпен ойнау емес пе?» деп ел арасында пікірталас туды.  Бәлкім, тәуелсіз қоғам қайраткерлері қарсы шығар. Қарсылық имитациясын жасар. Бірақ, халық ондайларға онша селт ете қоймайды. Ал, енді мемлекеттік қызметте жүргендер немесе билік жанындағы атағынан ат үркетін ұйым, одақтардың басшылары  қарсылық танытса, халық мұндайда сары майдай еріп кетеді.

Қайталап айтайық, ол білдей Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары. Ал, Жазушылар Одағына билік қолдау көрсетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Одаққа қос бірдей қымбат шетелдік автокөлік сыйлағаны ел есінде. Яғни, Одаққа билік тарапынан жасалып жүрген көптеген басқа қолдауларды айтпағанда осы екі көліктің өзі «өткізіп қойғаны» барға жатады.  Бірақ, Одақтың бірінші орынбасары  «биліктен қымбат сый алдық, енді тыныш жүрейік, дауыл тұрғанда түйетауықтай басымызды құмға тығып отырайық» демеді. Ақберген Елгезек ҚХА-ны қатаң сынға алып, мінез көрсетті. Мұнысы Елбасы жобасына, дұрысы Елбасыға қарсы шыққан есептеледі десек қателеспеспіз. Ол білімсіз азамат емес. Өте интеллектуал. Ол ҚХА-ны тарату туралы ойын айта отырып, түбі кімге тиерін білді. Бірақ, сөзін іркіп қалмады. Датын айтты. Деее-еп жүргенбіз.Бірақ…

Ері мен әйелі бір-біріне ұқсайды дейді ғой. Оның жұбайы Дина Елгезек те әлеуметтік желіде Елбасын және оның айналасындағыларды сынайтын өткір жазбаларымен  көзге түсіп жүр. Дина Елгезекті жұрт өте өткірлігі үшін  сыйлайды. Себебі, ол айтқан ойынан қайтпайды. Бірбеткей. Мінезді. Мұндай адамнан ерлік шығары анық. Дина Елгезектен ел көп нәрсе күтеді. Үміт артады.

Ал, табанының бүрі жоқ, бүгін айтқанынан ертең айнып қалатын, бір мезетте 180 грдаусқа бұрылып шыға келетін адамды – «кімнің тарысы піссе соның қорасына кететін тауыққа теңейді». Ел  Ақберен Елгезектің әрекетін ерлікке  теңеп жүрсе, ол әлеуметтік желідегі батыл жазбасын алып тастапты. Бастапқыда  біз оны жамандыққа қия алмадық, техникалық ақауларға байланысты өшіп кетті ме екен дедік. Алайда күн артынан күн жылжыса да түзелетін техникалық қателікті байқамадық, жазбасы қалпына келмеді.  Сонда Ақберген Елгезек қандай да бір «қоңыраудан» соң ойынан айныған болса, онда өкінішке қарай… Сонымен  қорытып айтсақ Ақберен Елгезектің әрекетін қорытып айтсақ неге жатқызамыз, ерлік пе , есероқтық па?

Егер ол сөзінде соңына дейін тұра алмайтынын білсе онда неге ҚХА-ны ашық сынады? Тыныш қана бақылап отыра бермеді ме? Әйтеуір, ол да осындай қадамдармен Қосановтың кебін киіп, абыройдан жұрдай болмасын деп тілейміз!

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here