Home Бүгінгі жаңалықтар Назарбаев: Қордайдағы жағдай мені қатты алаңдатып отыр

Назарбаев: Қордайдағы жағдай мені қатты алаңдатып отыр

Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның аймақтық өкілдігі ширақ қимылдап, мұндай жағдайды бақылауда ұстауы тиіс, деді Елбасы.

Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданында болған тәртіпсіздіктерге түсініктеме берді.

Тұңғыш президент елдің оңтүстігінде болған оқиғаның салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Қалыптасқан жағдай мені қатты алаңдатып отыр. Біз халқымызбен бірге 30 жыл ішінде көптеген қиындықты бастан өткердік. Жастар бұл проблемаларды елестете де алмайды. Қазақстанда 130 кәсіпорын жұмысын тоқтатты, 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды, үйлерде жылу болмады, тамақ тапшылығы болды. Біз мұның бәрінен бірге өттік», – деп Елбасы сайты Назарбаевтың сөзінен үзінді келтірді.

Назарбаев оқиғаның себептерін зерттеп, кінәлілерді заң нормаларына сәйкес жазалауды тапсырды.

«Бұл проблема аға буын өкілдерін алаңдатуы тиіс. Ұлт көшбасшысы ретіндегі менің мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтан тұтатындай деңгейге көтеру», – деп атап өтті Қауіпсіздік кеңесінің басшысы.

Оның пікірінше, аға буынның міндеті – қазақстандықтарға тәуелсіз, дамыған және тұрақты мемлекетті күш біріктірудің арқасында ғана сақтауға болатындығын түсіндіру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның аймақтық өкілдігі ширақ қимылдап, мұндай жағдайды бақылауда ұстауы тиіс, деп пікір білдірді Елбасы.

Отырыс барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімі Асқар Мырзахметовті қызметінен алып, оның орнына Бердібек Сапарбаевты тағайындады. Өңір басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле де жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here