Home Бүгінгі жаңалықтар Бақытбек Смағұл: Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ

Бақытбек Смағұл: Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ

Жамбыл облысына сапармен барған депутатқа жергілікті қазақтар «басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дүнгендер алып қойды, өткізбейді» деп шағымданған.

Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты құрылған үкімет комиссиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Facebook-тегі парақшасында бір жарым ғасырдан артық қордаланған біраз мәселенің қатпарын ашып, оларға жеке-жеке тоқталды.

Оның айтуынша, екі жақтан ақсақалдар шақырылып, кеңес құрылған. Бес ауылдың өкілдері жиналған.

«Дүнген жағынан қариялар басын иіп тұрып, жастардың бұзақылығы, үлкендердің тәрбиеде жіберген олқылығы үшін қазақтардан кешірім сұрады. Тараптар қол алысып, мәмілеге келді. Дүнген қариялары қазақтарды мешіт жанында мұсылман болып бас қосып, мал сойып сыйлап, татуласуға шақырды», – деп атап өтті Бақытбек Смағұл.

Депутат жол сапасының нашар болуы кикілжіңге бір себеп болғанын айтады. Басты жол Масаншы ауылының орталық көшесі арқылы өтеді. Жергілікті тұрғындар оған жақын үй салып тастаған, аула көріп, жолға кесе-көлденең машиналарын қойып қояды да, қазақтардың өтуіне кедергі келтіреді. Дүнген көлігімен келе жатса, қазақтан жол беруін талап ететін көрінеді.

«Жергілікті қазақтар «басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дүнгендер алып қойды, өткізбейді» деген шағым айтты. Оған: «Қай жерде отырсың? Сен қазақ, өз жеріңдесің! Күре жолды басқаға беріп, қымсына айналып жүретін құл ма едің?» деп ашына айқай салуға тура келді. Қосымша жол ашылмайды. Дүнгендерге көлігін жолға қоюға тыйым салынады. Қара жол қалпына келтіріліп, баршаның ортақ игілігіне айналуға тиіс», – дейді ол.

Үшіншіден, дүнгендердің балаларының бірде-біреуі Қазақстанның Қарулы күштеріне бармайды, әскери борышын өтемейді. Наным-сенімі солай.

«Осыған орай құқық қорғау органдарына нақты талап қойдық: егер сол жігіттері ерігіп, есіріп, өзгеге қол көтерсе, басынса, құқық пен тәртіпке қарсы әрекет қылса, қатаң жазалау керек. Қолы артына қайырылып, кісен салынып, түрмеге тоғытылсын. Елге қорған болмай, қорлаушы болса, торда отырсын», – деп толықтырды Смағұл.

Депутат үкімет комиссиясы жиын өткізгенде қазақ жастары жасы үлкендерді үнсіз тыңдағанын, сөзді арсыздықпен бөлмегенін атап өтті.

«Дүнген жастары арасында қазақша сөйлейтін белсенділері болды. Бірақ оларға инабаттылықты үйренген жөн секілді. Дүнген ауылдарына да шектен шыққанды қалыпқа қайтаратын, тентекті тойтаратын ақсақалдар кеңесі секілді беделді, құрметті адамдар алқасы керек екенін айттық. Ол кеңес құрылатын болды. Қазақстан халқының бір бөлігі болғысы келсе, тәртіпке көнуі міндет!», – дейді ол.

Дүнгендерде тәрбиенің басым бөлігі мешітте беріледі екен. Ал оның басты уағызшысын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы сайламайды.

«Дүнген тілінде уағыз айтылып жатады. Ол не айтып жатыр? Бәлкім, бізге қарсы үгіт жүргізіп жатқан болар?!
Дүнгендер тек Құранды ғана емес, қоғамды сыйлай білуі шарт. Сондықтан мен еліміздің бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлымен сөйлестім. Ол облыстық имамды Қордай ауданына жіберді. Діни бағыттағы сала бақылауда болады. Жұмыс істейміз. Әр шараны қадағалап отырамын, деді маған жаңа бас мүфтиіміз. Әділін айтайық, дүнгендер жер емген, өте шаруақор, еңбексүйгіш халық. Ауылдарын өздері абаттандырып, көгалдандырып қояды. Арақ сатылмайды, оны ішпейді. Ал жиынға сылқия тойып келген бір-екі қазағымыз болды. Оларды ұлтымызды масқараламай, үйіңде отыр деп үйіне жібердім», – деп ашынды Бақытбек Смағұл.

Бірақ дүнгендердің жаман жері – Нью-Йорктегі және басқа елдер қалаларындағы «Чайна-таун» сияқты жинақы әрі жеке тұрады, араларына өзге этностарды көп жібере қоймайды екен. Бірақ қазақ елінде біреудің отау ішінен отау тігуіне жол берілмейтінін ескертті депутат. Оның пікірінше, олар мемлекеттік тілді білуі, салтын сыйлауы шарт. Осыған байланысты қойылуы және орындалуы тиісті талаптардың барлығы айтылған. Бұл бағытта да үлкен жұмыс істелуі қажет.

«Көрші Қытайда әртүрлі ұлыстарды қоғамға кіріктірудің түрлі тәжірибесі мен тәсілі бар. Мысалы, егер сен қазақ болсаң, қалайсың ба, қаламайсың ба, ешкім сұрамайды, міндетті түрде қытайдан досың, жолдасың болуға тиіс. Дүркін-дүркін, жетісіне бір рет қонаққа шақырып, үйіңде қондырасың және оған қонаққа барасың. Осыған мәжбүрлейтін бұйрық бар. Халықтарды араластыру осылай жүзеге асырылады. Біз олай мәжбүрлеп отырған жоқпыз. Екі ортада көпір тұр, сонымен араласып, оны «достық көпіріне»айналдыруға болады. Қазақ қариялары да бұл жағы кемшін болғанын мойындап, қарым-қатынасты жолға қоюға келісті», – дейді мәжіліс депутаты.

Дүнгендердің қазақ еліне үдере көшіп келгеніне бір жарым ғасырдай уақыт өтіпті. Алайда іргедегі қазақтармен аралас-құраластығы үзілген. Екі ортада көпір тұр. Пайдаланбайды. Бұл мәселелердің барлығы өткен ғасырдан бері қордаланған. Енді оны тәуелсіздік аясында толық шешу аса маңызды. Жалғыз дүнген ғана емес, басқа барлық этнос мемлекет құраушы қазақ халқымен бірге бір ұлт болып ұйысуы керек. Әйтпесе, әрқайсысы әр жаққа тартып, жерімізді ту-талақай ету қаупі бар.

«Дүнгендер әз-Наурыз секілді ұлттық мерекелерімізді тойламайды. Олар үшін бұл жат. Әкімдіктің ішкі саясат бөлімі «ұрпағы көз үйретсін» деп Ұлыстың ұлы күнін атап өтуді талап етеді, мәжбүрлейді. Бірақ бұлар ондай мерекеге шақырғанға келмейді. Тек Ораза мен Құрбан айтты ғана мейрам санайды. Мектеп директорымен тілдестім. «Ауқатты» ауылдық округінің білім ордасында 1,5 мың оқушы оқиды. Соның 1300-і – дүнген, ал 200-і – қазақ балалары. Көпшілік азшылыққа әлімжеттік жасайды дейді. Мұғалімнің тілін алмайды екен», – деп атап көрсетті ол.

Дүнгендер ертелі-кеш үлкенінен кішісіне дейін жермен жұмыс істейді, егін салады. Мұғалім балаларын мектепке келтірмек болса, «Сабақ бергің келсе, егіндікке кел!» деп айтады екен. Тіпті науқан кезінде егістікке барып сабақ беріп жүргендері де бар көрінеді. Бұл әрине, өрескел дүние. Мұның дұрыс емес екені жөнінде ескерту жасалған.

«Мектеп ауласындағы дәретханада жас қыздың зорлануына қатысты сорақы оқиғадан кейін бар жердегі білім ордалары ауласына бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынды. Бірде осы мектеп ауласында кезекшілік етіп жүрген мұғалімдер бөтен жігіттердің жүргенін байқап, сыртқа шығып кетуін сұрайды. Олар екі ұстазды ауладан аулақ шақырып алып, тепкілеп ұрып кеткен. Артынан араға ақсақалдар түсіп, екі жақты бітістірген», – дейді Бақытбек Смағұл.

Ал Сортөбе ауылдық округіндегі 24 мың халықтың басым көпшілігі, яғни 23 мыңы – дүнген. Біразының үйінде қару-жарақ бар деген мәлімет бар. Депутаттың пікірінше, олар қаруды заңды немесе заңсыз жолмен алғанын тексеру керек.

«Жамбыл облысының Қордай ауданына парламенттен, үкіметтен, бас прокуратурадан, ұлттық қауіпсіздік қызметінен және басқасынан өкілдер келді. Жергілікті халықты мазалаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді анықтап, жазып алды. Мектеп, аурухана, жол мәселелерін шешіп беруді сұрайды. Алдағы уақытта ол бойынша үлкен жұмыс жасалуға тиіс. Жұртшылық төбелестің қайталануын емес, жылдар бойы қордаланған түйткілдердің нақты шешілгенін қалайды. Бізді қазақ жағы жақсы қабылдады, келгенімізге шын жүректен қуанды. Қазақтың қанымен келген жер заңымен қорғалады. Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ. Мемлекет ішінен мемлекет құру деген қарау пиғылдың тамырына балта шабылуға тиіс», – деп түйіндеді Смағұл.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here