Сәрсенбі, Сәуір 1, 2020

22 баласы бар ананың үйі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Көп оқылды

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым...

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары...

«Үй ескі, 1948 жылы салынған. Соңғы бірнеше жыл бойы шенеуніктерден жөндеу жұмыстарына қаражат беруді сұрағанмын, бірақ енді үйді қайта тұрғызуға келмейді», – дейді көпбалалы ана.

Алматы облысында 22 баланың анасы Зарина Шумаеваның үйі өртеніп кетті. Қазір оның отбасы көршілерін паналап жүр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өрт 10 ақпанда Абай ауылында болған. Отбасы мен жануарлар өрттен аман қалған, бірақ жеке заттар, жиһаз, техника мен киімнің бәрі өртеніп кеткен.

«Кешке үй төбесі өртенді. Біз заттарды алып шығуға тырыстық, бірақ өрт жылдам тарала бастады. Сол кезде балаларды ұстап далаға жүгіріп шықтық. Кейін күйеуім өртеніп жатқан үйден жануарларды алып шықты», – дейді Зарина Шумаева.

Отбасыға киім-кешек пен азық-түлік әкеліп көмектесуге тырысқандар болыпты, бірақ оларды қоятын жер жоқ: отбасы қазір көршісінің кішкентай үйін паналап отыр.

«Үй ескі, 1948 жылы салынған. Соңғы бірнеше жыл бойы шенеуніктерден жөндеу жұмыстарына қаражат беруді сұрағанмын, бірақ енді үйді қайта тұрғызуға келмейді», – дейді көпбалалы ана.

Отбасыға Қарасай ауданының әкімдігі көмектесуге уәде берді.

«Оларға қонақүйге орналасу ұсынылған, бірақ олар бас тартып, көршілерінде қалды. Бүгін, 11 ақпанда, балаларының санын ескере отырып, меценаттардың қолдауымен уақытша баспана ұсынамыз. Үй кем дегенде 150-180 шаршы метр болады. Қазір екі нұсқа қаралып жатыр. Одан бөлек отбасыны тұрақты баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ауданның меценаттары бұл отбасыға үлкен үй сатып әперуге дайын екенін жеткізді», – деп хабарлайды Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев.

Зарина жарымен бірге бес туған баласы мен 17 асыранды баланы тәрбиелеп отыр.

Пікір қалдыру

Пікіріңізді енгізіңіз!
Есіміңізді енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82...

Қазақстандық дәрігерлерге 3 ай бойы үстемақы төленеді – Тоқаев

Дәрігерлердің жалақысына үш бойы үстемақы төленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. "Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар...

Тоқаев 42500 теңгенің кімдерге ғана берілетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  "42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді (жалпы 340 науқас)

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді Нұр-Сұлтан қаласында- 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178...

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады

Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы 10 пайызға индексацияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде айтты. Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың...

Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр

Қытайдың коронавирус ошағына айналған Ухань тұрғандары билік жариялаған мәліметтерге сенбейтіндігін жеткізіпті. Айтуларынша, бір қаланың өзінде 3800 емес, 42 мың адам індеттен көз жұмған. Бұған...