Home Бүгінгі жаңалықтар «Өсек айтуды қойыңыздар!» - дүңген болғаны үшін оңбай таяқ жеген мәжіліс депутаты...

«Өсек айтуды қойыңыздар!» – дүңген болғаны үшін оңбай таяқ жеген мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

Мұнымен тоқтамай, «Біз Қазақстанда тұрамыз, біздің басқа барар жер, басар тауымыз жоқ» деп шарасыздығын айтып, ағынан жарылды. Қордайдағы қазақтар мен дүңгендердің арасында туындаған түсініспеушіліктерден кейін әлеуметтік желіде түрлі видеолар таралуда. Мәселен, Мәжіліс депутаты Шәкір Хахазовтың дүңген ұлты өкілдерімен кездесіп, қазақ халқымен ауызбіршілікте болуға шақырған үндеуі желіде желдей есуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақтар мен дүңгендердің бір шаңырақ астында баяғыдан бері мекен етіп келе жатқанын алға тартқан Мәжіліс депутатының сөзінше, жақында болған жағдай «Екі ұлт үшін де ұят» көрінеді.

«Бір-бірімізді сыйлап, құрметтеуіміз керек. Бізге осы ғана жетіспейді. Қолдың кірі болатын ақша бәрін құртуда, араға от салып, кикілжің туындататын да осы. Барлығымызды ұлтқа дейін бөлуге мәжбүрлеп отыр. Дүңгендер тек осында ғана жүрген жоқ. Астанада да бар. Мекендері – базарлар мен сауда орталықтары. Базарға кірсең, олар дөрекі жауап қайтарады. Бұл не деген масқара!?», – деп орыс тілінде шүлдірлеген депутат арандатушылардың әрекетіне ермеуге шақырды.

Сондай-ақ, ол сонау 1996 жылы дүңген болғаны үшін әлдебіреулерден оңбай таяқ жеп, құлағы жырылып, үсті-басы жараланған сәтін есіне алды. Күрмеліп сөйлейтінінің себебі, соққының астында қалғанының салдарынан екендігін де тілге тиек етті. Десе де, депутат сол кезде жанжалдасып, араздасу әрекетіне бармапты. Өз өмірінен мысал келтіре сөйлеген шенеунік кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертіп, дүңгендерді қазақ халқына құрметпен қарауға шақырды.

«Егер сіздердің әрекеттеріңіз заң бойынша дұрыс болып, қателескен болса, өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді. Артық әңгіменің қажеті жоқ. Өсек айтуды қойыңыздар! Керек болса, тізе бүгуге әзірмін. Өзім қарапайым дүңгеннің бірі ретінде айтайын, қазақ – бауырмал халық. Сондықтан олар туралы жаман ойламаңыздар! Мен қазақ халқы үшін жан беруге әзірмін. Бар тілегім, бір-бірімізге деген сыйластық жоғалмаса екен. Мен сіздерді жақсы көремін. Қателіктер үшін кешірім сұраймын», – деді Ш. Хахазов.

Айтпақшы, Хахазов өзімен телефон арқылы байланысу әрдайым қолжетімді екенін жеткізді. Оған қоса, қызбалыққа салынып, қатты айтқан сөздері үшін сөзін тыңдап тұрғандардан кешірім сұрады.

Мұнымен тоқтамай, «Біз Қазақстанда тұрамыз, біздің басқа барар жер, басар тауымыз жоқ» деп шарасыздығын айтып, ағынан жарылды.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here