Қарақат Қордайдағы жағдай туралы: Дүнген бауырлар болмысынан момын, жанашыр ұлт

Загрузка...

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина Жамбыл облысында орын алған қазақ-дүнген қақтығысы туралы өз ойын айтты. Бұл туралы әнші instagram желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Osekshi.kz порталы.

» Әрине, айдың-күннің аманында әлімжеттік көрген әлсіз қарияға араша түсу – ардың ісі, азаматтың борышы, ұлттың намысы. Мұндайда жұмылған жұдырықтай бірігіп, елдігімізді танытқан ағайынға алғыстан басқа айтар жоқ. ‘Неге өйттің?’ – деп айып тағуға болмайды еш.
Десе де, ғасырлар бойы бір нанды бөліп жескен дүнген бауырлардан дүрбелең шықпаған еді ғой. Болмысынан момын, жуас, жанашыр ұлт. Әсілінде, ұлттың жаманы болмайды, адамның ғана нашары бар. Сол бірен-саран жаманның әрекетіне бола, тұтас бір дүнген ұлтын қалайша қиып жібереміз?
Болған оқиғаға кінәлілерді жергілікті халық өзі-ақ жазалады, қазақ намысты қолдан бермейтінін көрсетіп, артық кеткендерді орнына қоя білді. Дүнген ұлты 8 азаматынан айырылды, оңай емес. Өте өкінішті. Мұны бақылаған өзге ұлт өкілдері де сабақ алды. Болды емес пе?! Сабырға келейік, ағайын. Береке-бірлік, тыныштығымыз қымбат.
Біз қазақ намысты елміз, бірақ өте азбыз. Жүздеген ұлт пен ұлыс жерімізді мекендейді, тағдырымыз бір. Олардың бізге, біздің оларға деген құрметіміздің арқасында бүгінгі бейбіт күнге жеттік.
Өз алдына жері, отаны жоқ шағын ғана ұлттар мен ұлыстарды ішімізге сыйдыра алмасақ, кей тентегін кешіре алмасақ, елдігімізге сын емес пе?! Сондықтан арандатушыларға еріп кетпей, еліміздің амандығын, тұтастығын ойласақ екен деймін.
Ішкі бірлігі мықты ел ғана, сыртқы қысымнан ада болады. Кешірімді, сабырлы болайықшы», – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауданында Қазақ-дүнген халықтары арасында қақтығыс болып, 8 адам өмірден өткен еді.

Загрузка...
Like this post? Please share to your friends:
Qazbrand.info
Пікір үстеу

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!: