Home Бүгінгі жаңалықтар Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты

Көзіне дәл тиген – Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты

Жамбыл облысындағы қақтығыстардан кейін барлығы он тоғыз полиция қызметкері зардап шекті, тоғызына оқ тиген.

Sputnik. Қордай ауданындағы қақтығыс кезінде Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбековке оқ тиді, деп хабарлайды Polisia.kz медиа-порталы.

«Оған ота жасалды. Қазіргі уақытта денсаулығы қалыпты жағдайда», – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес (билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан барлығы 19 полицей зардап шекті. Оның ішінде бесеуіне оқ тиген.

Қақтығысты тоқтату үшін тәртіпсіздік болған жерге Жамбыл және Алматы облысы полиция департаменттерінің қызметкерлері бірінші болып жетті.

«Біз қақтығыс алаңына бет алған кезде белгісіз адамдар тобы бізге оқ атты бастады. Оқ сол жақ көзіме тиіп, қан аға бастады. Бұдан соң мені Қордай аудандық ауруханасына жеткізді», – деді Серік Жүнісбеков «Время» газетіне берген сұхбатында.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

7 ақпанда Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды.

Сотрудники правоохранительных органов в Кордае
Қордай ауданындағы құқық қорғау органының қызметкерлері

Зардап шеккендерге 39 дәрігер көмек көрсетіп жатыр, марқұмдардың отбасыларына көмек көрсету шаралары қолға алынды. Қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Шенеуніктер қызметінен кетті

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетіп, Бердібек Сапарбаев облыс әкімі қызметіне тағайындалды.

Тоқаев Қордай ауданында оқиғаға байланысты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен Қордай ауданының әкімін жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.

Сонымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы мен Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысын қызметінен алынады.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here