Home Бүгінгі жаңалықтар Бүркіт Қордайдағы қақтығыстан кейін қамауға алынғандарды босатуды талап етті

Бүркіт Қордайдағы қақтығыстан кейін қамауға алынғандарды босатуды талап етті

Әншінің айтуынша, жаман халық жоқ, тек жаман ниетті адамдар бар. Сондықтан барлығы заңның аясында шешілуі тиіс.

Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Бүркіт Қордайдағы оқиғаға байланысты пікір білдірді. Әнші қамауға алынған отандастарының босатылуын талап етіп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

«Жаңалықтардан Жамбыл облысындағы Қордайдың маңындағы болған оқиғаны көріп, жаным шығып кетті. «Бисмилляһ» дедім ішімнен. Қанша адам қайтыс болып кетті. Қаншама көлік жанып, қаншама дүкен-офис қирап кетті. Ең бастысы, адамның өміріне қауіп төнді. Осының бәрі неден? Бұның бәрі тұрмыстық жанжалдан шығып отыр», – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, ел арасында жаман халық жоқ, тек жаман ниетті адамдар бар. Сол себепті барлығы заңның аясында шешілуі тиіс деген әнші кешірімді болуға шақырды.

«3-4 адамның бір-бірімен келіспеушілігінен пайда болған жанжал. Бірін-бірі жығып, сүйегін сындырғаны үшін. Неге?! Түсінбеймін мен! Неге бәрі атысып, көше-көшемен, ауыл-ауылмен қырылысып кетуі керек?! Басқаның ісі үшін біреу жауап бермейді ғой. Жаман халық жоқ! Жаман ниетті адамдар бар! Ондайлар кез келген халықта бар. Кешірімді болыңдар, бауырлар. Барлығы заңмен шешілсін», – деп басу айтты Бүркіт.

Сондай-ақ, қақтығыс кезінде қамауға алынған азаматтардың босатылуын талап етті.

«Құр босқа сотталып кетпесін мына қамауға алынған бауырлар. Босатылсын! Олар – елім, өз ауылым, өз жерім деп жаны ашыған жігіттер!», – деді ол.

Масанчи после беспорядков
© SPUTNIK / ТИМУР БАТЫРШИН
Қақтығыстан кейінгі Масанчи ауылы

«Қайтыс болған бауырларымның жақындарына , туған-туыстарына көңіл айтамыз. Бірлік – біздің күшіміз. Сабыр! Баршаңыздың отбасыңызға амандық тілеймін!», – деп жазды әнші.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданы Масанчи ауылында төбелес болып, соңы кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне алып келді. Салдарынан 10 адам қаза болды. Сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, екі азамат ауруханада жан тапсырды. Тәртіпсіздік кезінде бес полиция қызметкері жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Соңғы мәлімет бойынша, 41 адам ауруханада жатыр. Оның тоғызы жансақтау бөлімінде.

Шенеуніктер қызметінен кетті

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Мырзахметов Жамбыл облысы әкімі қызметінен кетіп, Бердібек Сапарбаев облыс әкімі қызметіне тағайындалды.

Тоқаев Қордай ауданында оқиғаға байланысты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары мен Қордай ауданының әкімін жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.

Сонымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы мен Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысын қызметінен алынады.

Көп оқылды

«ҚАЛАУЛЫМ» ЖАБЫЛДЫ!

Талай жанға ермек болған, талай жанның ашуын кернеген "Қалаулым сен" бағдарлама өз жұмысын тоқтатты, деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.  Үш сағат бойы ауыл-аймақтағы жеті...

ӘРБІР БЕСІНШІ ДӘРІГЕР КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем бойынша медицина қызметкерлерінің 20 пайызы коронавирус жұқтырған. БҰҰ COVID-19 жұқпасымен күресіп жатқан дәрігерлердің басым бөлігі нәзік жандылар екенін ерекше...

Енді көшеде маскасыз жүргендер айыппұл төлейді

Өзбекстанда барлық азаматқа маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Енді 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым...

ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 68-ГЕ ЖЕТТІ

Коронавирус індетін жұқтырған 2 адам тіркелді. Олардың бірі Алматы қаласында, екіншісі Нұр-Сұлтанда анықталған.  Сағат 10:40-тағы ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында 29...

Тағы да жаңалықтар

Грант иегерлері тізімі

Жүктеп алу үшін басыңыз: Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі

Қазақстанның ЖОО оқу ақысын қымбаттатуды жоспарлап отыр

Пандемия, төтенше жағдай және мұнай бағасының құлдырауы кесірінен адамдардың материалдық жағдайы нашарлап, кейбір студенттер мен ата-аналар оқу бағасын төлеуде қиындыққа ұшыраған. Білім және ғылым министрі...

«Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз құлағымда жаңғырып тұрды

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе? - Әрине! - Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе? - Онда бұдан да қатты сүйетін болам! Осы сөздерден соң...

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті

Ақтөбе облысында түрме қызметкеріне белгісіз адамдар оқ атып кетті Ақтөбе облысында тергеу изоляторының қызметкеріне оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Мой город" басылымының мәліметінше, оқиға 20...

Елімізде 22 шілде күні 1646 адамнан коронавирус анықталды

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 76799. Қазақстанда өткен тәулікте 1646 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Оның ішінде 778 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан...

Эпидемиолог: Коронавирус адамға бейімделеді

Коронавирус адамға бейімделетіндіктен, оның ауруды тудыруы мүмкіндігі төмендейді. Алайда ауру маусымға байланысты өршуі мүмкін деп болжанып отыр. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас...

О дүниеде өткізген алты күн

О дүниеде өткізген алты күн Бұл оқиға осыдан үш жыл бұрын менің өз басымнан өткен еді. Сол күні құлағыма құлаққап қыстырып алып, музыка тыңдап, аялдамада...

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО) Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. Кентал лақап атымен...

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады

Маман қанық ұйықтаудың әдісін атады Дұрыс матрас және оны дұрыс пайдалану адамды созылмалы шаршау синдромынан қорғайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай ақпаратты Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина...

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады?

Тоқаевтың Twitter-дегі жазбалары неге түнде жарияланады? Президент туындаған қиындықтарға шұғыл жауап беріп жатады. Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли zakon.kz-ке Мемлекет басшысының жұмыс кестесі туралы айтып берді. Оның...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here