«Келесі кім?». Баян Мақсатқызы Қордайдағы қақтығыс туралы пікірін айтты

2020 02 11 10 17 20

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қақтығыс туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продюсер Instagram желісіндегі жазбасында жаман ұлт жоқ екенін жазған.

«Көбіміз үшін ең ыңғайлы позиция – жәй ғана үндемеу, ол алыста, бізге қатысы бар, бірақ біз онда емеспіз… Біз сонда болдық, бола береміз де. Біздің заманымыз – қатыгездік, жек көрушілік, шыдамсыздық, бұл тіпті басқа ұлттарға емес, бір-біріне деген сезім. 11 адам қаза тапты, олар жол апатынан қаза болған жоқ, бесінші қабаттан құлап кеткен жоқ, оларды қатыгездікпен өлтіріп, үйлерін өртеп жіберді. Қазір ұлтаралық қақтығысты кім бастағанын анықтай алмайсың, жылдар бойы біздің ел бәрі үшін жұмақ, ең толерантты мемлекет екенімізді айтып келеді. Бұл сандырақ, біз көп жағдайда жеккөреміз, шыдамаймыз және әр ыңғайлы жағдайда кімнің қожайын екенін айтып қалуға тырысамыз. Ұлы Абай қалай дұрыс айтқан, содан бері ештеңе өзгермеді ғой?!», – дейді ол.

Сонымен қатар, ол қоғамда адами құндылықтар ұмытылғанын айтты.

«Үндістер, қытайлар, дүнгендер, армяндар, түріктер, келесі кім? Біз қарапайым адами құндылықтар, мейірімділік, ар-намыс, қадір-қасиет дегенді баяғыда ұмытқанбыз. Кеудемізді ұрып, патриотпыз дейміз. Патриот – өзгелерді жеккөретіндер емес, өз ұлтын сүйетіндер. Бүгінде жалған патриот өте көп, олар өз аумағына келгендердің бәрін Отан үшін деп өлтіруге дайын. Бұл қорқынышты. Бұл постпен жаман ұлт жоқ екенін, ұлтқа қатысы жоқ, құдайсыз адамдар бар екенін айтқым келеді», – деді Баян Мақсатқызы.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді.

Қордайдағы қақтығыс. Танымал қазақстандықтар Желіде не жазып жатыр?

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. Қақтығыс салдарынан 10 адам қаза тапқан еді.

© tengrinews.kz

Бүгінгі жаңалықтар