«Намыс үшін өлтірдім»: Ер адам желіде жарияланған видео үшін өз әпкесін өлтірді (видео)

2020 02 10 14 59 00

Ингушетия тұрғыны өзінің әпкесін өлтіргенін мойындады. Оған әпкесін полиция ұстап алып, видеоға түсіргені ұнамаған.

33 жастағы қыздың денесі көптеген пышақ жарақаттарымен 7 ақпанда ол тұратын Магастағы пәтерден табылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кісі өліміне әйелдің видеода жүрегені себеп болды. Видеода құқық қорғау органдары қызметкерлерінің конвой астынан қашып кеткен топтың мүшесі Иса Алтемировты ұстамақ болғаны бақалады. Альтемиров тұрмыстағы әйелдерді опасыздық жасауға мәжбүрлеп, кейін оларды видеомен бопсалаған.

Әйел Альтемировпен таныс болған және пәтерде онымен бірге болған. Полиция күүдіктіні ұстамақ болғанда ол граната лақтырып, өзі бесінші қабаттан секіріп құлады. Граната жарылған жоқ, қызметкерлердің ешқайсысы жарақат алмады. Тінту кезінде полиция пәтерден есірткі затын тапты. Пәтерде екі әйел мен ер адам болған.

Әлеуметтік желілерде таратылған бейнені көрген қыздың ағасы «отбасының абыройын» қорғауға бел буып, оны өлтірді. Кейін ол өзі полиция бөліміне келіп, қылмысын мойындап, оның себебін түсіндірді.

Бүгінгі жаңалықтар