Дүнген баласы Тоқаевқа видео жіберді – президент не деп жауап берді?

12780423

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дүнген баласы жіберген видеоға жауап берді. Жазба мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.

Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дүнген баласы жіберген видеоға жауап берді.

«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім – елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», – деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне «Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр» деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Арнайы құрылған штаб өкілдері қақтығыс салдарынан 10 адам қаза болғанын хабарлады.

2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21:00-ден бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.