Елордада бір әйел «коронавирус жұқтырдым» деп ойлап, дәрігерге барған

5e3cf328db6b3876740351

6 ақпандағы мәлімет бойынша Қытайдан келген 110 адам Қазақстанның медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Төсекте күшті еді: Жап-жас келіншек бұрынғы күйеуінің көңілдесі боп жүргенін айтты
«Көйлегімді түріп жіберіп, ісін тындырады да жата қалады»: келіншек таксист күйеуінен шаршағанын…

Нұр-Сұлтанда әйел адам бойынан коронавирус белгілерін байқағанын айтып, дәрігерге барған, деп хабарлайды Holanews.kz, қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, ол Қытайда болмаған және Қытай азаматтарымен қарым-қатынас жасамаған. Ол коронавирус инфекциясы төңірегіндегі дүрбелеңге салынғандықтан емханаға келуіне тура келген. Дәрігерлер оған өткір респираторлы вирустық инфекция деген диагноз қойды (ӨРВИ).

Бұған дейін әлеуметтік желілерде коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген әйел бірінші емханаға барғаны туралы расталмаған ақпарат тараған болатын.

Өткен сәрсенбіде қаңтар айында Қытайдан оралған Астана медицина университетінің студенті қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тексерістен өтті. Науқасқа «өткір бронхит» диагнозы қойылды, коронавирустық инфекция табылған жоқ.

6 ақпандағы мәлімет бойынша Қытайдан келген 110 адам Қазақстанның медициналық мекемелеріне жатқызылды. Оның 30-ы стационарда қалды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Айта кетсек, Қытайда қауіпті коронавирус жұқпасынан көз жұмғандар саны 636 адам болды. Ал өлімге әкеп соғатын дертке шалдыққандар саны 31 161-ке жетті. Қытайдан тыс жерде 190-нан астам адам қатерлі вирусқа шалдыққан, біреуі қайтыс болды.