Ұнның арасына жасырған: әкімдік басшыларының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

3797552

Лауазымды тұлғалар ЖШС өкілінен 35 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, қазір олар уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр.

Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып отыр.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің мәліметінше, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен ШҚО әкімі аппараты заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталды. Қазір олар Өскеменнің уақытша ұстау абақтысында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр.Күдіктілер кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Бүгінгі жаңалықтар