Ұшақ әуежайға қонған кезде үшке бөлінді – видео
Әуе кемесінің бортында 177 жолаушы, соның ішінде екі бала мен алты экипаж мүшесі болған. Төтенше жағдайға қатысты тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Түркияның Стамбул қаласындағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қонған Pegasus Airlines әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы үшке бөлінді.
Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза болып, 179 адам зардап шекті, деп хабарлады Anadolu.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Роликті Airport Haber порталы жариялаған.
Pegasus әуе компаниясының ұшағы Измир – Стамбул бағытымен ұшқан. Қонған кезде ұшу-қону жолағынан асып кетті.