Маған түк ұнаған жоқ.
Журналист Асхат Садырбай жақында жарыққа шыққан Димаш Құдайбергеновтың жаңа туындысы жайлы желіде ой бөлісті. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Caravan.kz.
«Ән де, клип те быт-шыт. Димаш қана мықты! Мынау клипті көп адам көрмей тұрғанда корзинаға тастай салу керек. Димаштың талантына мүлдем сай емес. Кешіріңдер!
Сюжеті де, идеясы да түсініксіз. Өте әлсіз бейнебаян, әні де біртүрлі. Тек Димаш қана мықты, болды. Маған түк ұнаған жоқ», – деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Димаш Құдайбергенов «Знай» атты әніне түсірілген бейнебаянын көпшілікке ұсынған болатын.