Ақтауда сегіз жасар бала шұғыл түрде аурханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмыд, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Жеткіншектің дене қызуы көтеріліп кеткен. Дәрігерлер баланың еміне ЖРВИ-ге қарсы әсер ететін дәрі жазып беріпті: Дегенмен артынша оқушының жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған.
Дәрігерлердің айтуларынша, ауруханаға түскен баланың денсаулығы өте ауыр болыпты: 2-3 дәрежелі есеңгіреу, оған қоса баланың денесінде ДВС-синдромы (оның ағзасындағы қан ұю қасиетін жоғалтқандықтан оны тоқтату мүмкін болмайды екен) басталғаны анықталған. Мамандар қолдарынан келген жағдайдың бәрін жасапты, алайда жеткіншектің өмірін аман алып қала алмаған.
Ақ халаттылар баланың өліміне себеп минингиттік инфекция болуы мүмкін дейді. Бірақ қазіргі таңда ол туралы кесіп айтаға болмайтынын тағы айтты.
Аталған жайттан кейін оқушымен қарым-қатынаста болған балалар жіті бақылауға алынған. Инфекцияны жұқтыруы мүмкін деген күдікке спорттық мектептің 100 оқушысы ілінген.