“Өз ойым” бағдарламасында қарттар үйінде тұрып жатқан әжелер қонақ болды. Олар қарттар үйіне қалай келгенін, қазіргі жағдайының қандай екенін айтты. Бұл туралы STAN.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

“Қарттар үйі – мен үшін жұмақ. Барлық жағдайы жасалған. Киімі де, тамағы да, дәрісі де бар. Ешкімге ренішіміз жоқ. Бәріне бірдей қарайды. Қызметкерлері жақсы күтеді”, – деді қазақ әжей.

“Қарттар үйі – мен ұшін жұмақ” деген әжейдің сөзін естіген Ләйлә Сұлтанқызының көңілі түсіп кетті.

Тағы бір әжеміз қарттар үйіне қалай келгенін айтты.

“82-ге келгенде немере сіңліме алданып, қағазға қол қойдым. Сенген адамым алдап кетті. Ақшасыз қалдым. Амалсыз қарттар үйіне келдім. Адамға сенгіштігімнен, бір жағы надандығымнан қателік істедім”, – деп өкінеді әжей.

Қарттардың ауыр тағдыры көрерменнің көңіліне қаяу салды. Көпшілік көзіне еріксіз жас алды.

 

 

 

Бөлісу:


Загрузка...