Қазгидромет 1-3 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, республикада күн жылынады деп күтілуде. Ақпан айының басында республикада ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанға оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен бірге атмосфералық ауа ағымдары ығысады.
“Циклон мол ылғал мен жылу әкеледі. Соның әсерінен республикада ауа температурасы жылдам жоғарылайды”, – делінген хабарламада.
Демалыс күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз +3…13°С, ал дүйсенбіде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда 0…-8°С күтіледі.
Сондай-ақ, оңтүстік пен батыста жаңбыр, жабысқақ қар, ал қалған аймақтарда қар жауады.