Мына видеоны көріп, қаныңыз басыңызға тебері сөзсіз. Мейлі, келіншектің кінәсі болсын болмасын, ол әйелзаты, ол ана ғой. Ол еркектен әлдеқайда әлсіз, нәзік емес пе еді… Қазақ әйелі, қайда сенің асқақ пәктігің, қайда сенің биік сый-құрметің, қайда сенің ар-ұжыданың, қайда сенің 40 айлалы қырмызы күлкің мен мінезің, қайда сенің асыл ақылың мен алтын саусақтарың, қайда сенің жұмаққа бастар ізгі жолың, сүрлеуіңді ізде, соқпағыңнан адаспа деген сайын неге етек пен жеңді жиғанның орнына ашық кетіп барасыңдар?!.

Мына видеоны көріп Сіздерге неге ерлерді төбелеріңізге шығарасыңдар деп айтпаймын, ол сөз айтылмауы да тиіс. Себебі, күллі ғалам Біздің табанымыздың астында тұрған жоқ па?.. Мына Дұнияның Нұрлануына тікелей Біз, әйелдер әсер ететінімізді НЕГЕ ҰМЫТТЫҚ?

Жұмақ Ананың табанының астында деп неге айтқанын тағы бір рет еске алайықшы. Егер әйелдің иманы бекем ибалы болса, ақылы салмақты, жүрісі байыпты, сөзі орынды, көзі нұрлы, киімі жабық (бұл жерде ешқандай дінді меңзеп тұрған жоқпын), қылығы шынайы, көңілі кең болса, оған бағынбайтын пері де пенде де болмас. Ерінің тентектігін тезге салар еді ғой. Сөйтіп, алдымен ерін, содан балаларын, содан ұлтын тәрбиелер еді ғой. Міне, жатыры алтын аналар, ақылы құрыш еркектер болса Жұмақ деген сол емес пе?

Бұл жерде әйел де, еркек те кінәлі. Бұл видеоны жәй көре салмай, одан сабақ алу керек сияқты. Және осы тәріздес видеоларды балаларыңыз да көріп жүруі мүмкін ғой. Оларға ондайларды көрме, интернетке қарама дей салу аздық етеді. Одан да балаларыңызбен бірге отырып, көріп, балаңыздың сол видеодағы болып жатқан оқиғаға деген өз пікірін тыңдап көріңіз. Не дейді екен?

Біз жаһанданудан ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Тек осы жолмен қалай дұрыс жүру керектігін ұрпағымызға үйрете аламыз.

Егер осы видеоны балаңызбен бірге көріп отырған болсаңыз, балаңыз бірден ана әйелді сабап жатқан еркекті (жыннан жеңіліп тұр ғой ол қазір, әйтпесе, ол да бір үйдің азаматы ғой) кінәлай кетері һақ… Өйткені біз кінәні тек бір жақтан қарап үйреніп кеткенбіз. Сонымен, біз бұл видеодан әйел мен еркектің тек автобус ішіндегі қылықтарын ғана көріп қалдық. Олар басқа ортада қандай екен деген сұрақ туады. Үйде де солай ит пен мысықтай ырылдаса бере ме?

Егер үйде де солай болса, олардың ұрпағы да уланып жатыр деген сөз. Сондықтан, ағайын, өзіміздің нәпсімізді, бойымызды кернеген пенделік жынымыз бен ашу-ызамызды өзіміз үшін болмаса да, өсер ұрпақ үшін сәл де болса тежеп жүрейік.

Адам болымысы тек ет пен сүйектен ғана тұрмайды екен. Біздің қанымызда қаншама ақпараттар сақтайтын қабілеттер бар. Біздің есіміз (память) сооо-наа-аа-уу ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра еді ғой. Біз мұраны тек материалдық тұрғыда қарап үйренгенбіз. Нағыз мұра —  ЕС.

Біз сол есімізді кірлетпеуіміз керек. Мұжылтпауымыз, құрт түсірмей тағы да пәләнбай ғасырға, дәуірге жіберуіміз шарт. Біз тіпті, сақтай отырып, толтыруымыз керек. Әрине, мынадай сұмпайы видеолармен, сайтани жан-жалдармен емес. Сондықтан біздің есімізде міндетті түрде сүзгі (фильтр) болуы шарт.

Мына долы құйындай тұрағы жоқ, ұйытқыма, соқпалы заманда біреудің көзіне, біреудің сөзіне, біреудің ісіне сүйзгі болу мүмкін емес дейтін әдетті қою керек. Бәрі мүмкін. Кезінде бабаларымыз ұрпағымыздың осылай азарын МҮМКІН ЕМЕС деген шығар. Мүмкін болды ғой. Енді қайтадан бой түзеп, ЕС жияр кез келді.

Қазақтың Ары айдан биік, Аруағы азулы болған. Болады да. Оның тұқымының дәл осылай тозып кетуі МҮМКІН ЕМЕС!

Төмендегі видеоны көріңіз: Біз бәз біреулердің жеке өміріне сот болып отырған жоқпыз. Кім кінәлі екенін өздері біледі. Өздері білмесе бір Жаратқан әділ бағасын береді. Біздің уайым — ҰЛТ ҚАМЫ.

Автор: QazBrand.info тілшісі

https://www.facebook.com/100022003595314/videos/284637568946361/

 

 

Бөлісу:


Загрузка...