«Қазір олар үйде отыр!»: Баян Алагөзованың жақын туыстары Ухань қаласында қалып қойған

«Уханьда менің қызым Тоня мен күйеубалам ұлдарымен бірге 12 жылдан бері тұрып келеді. Сол жақта жұмыс істейді».

«Дұға тілеп қойыңыздар!»: Баян Алагөзованың қайын атасы Ухань қаласындағы қызына алаңдаулы

фото: kyn.kz
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қайын атасы – композитор әрі дирижер Тұрым Алагөзов Instagram парақшасында халықты Қытайдың Ухань қаласында жүрген қызына дұға тілеуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Коронавирус эпидемиясына байланысты карантин жарияланған қалада күйеуі және екі баласымен тұрып жатқан ол қыз – Тұрым Алагөзовтің асырап алған баласы.

«Уханьда менің қызым Тоня мен күйеубалам ұлдарымен бірге 12 жылдан бері тұрып келеді. Сол жақта жұмыс істейді. Балаларым және өзім олармен үнемі байланыстамыз. Қазір олар үйде отыр, азық-түлікті артығымен жинап алған. Көңіл күйлерін түсірмеуге тырысып, жаттығу жасап, барлық санитарлық нормаларды сақтап отыр.

Алла тағала оларды сақтайды! Олар үшін бізбен бірге дұға тілеп қойыңыздар!!! Мен сіздерді жақсы көремін!» деп жазды ол.

Соңғы мәліметке сүйенсек, қазір коронавирустың жаңа типіне шалдыққандардың жалпы саны 4515-ке жеткен. Оның 106-сы қайтыс болды.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888