Жалғаныңнан жалыққанда дос керек,
Сағыныштан тарыққанда дос керек.
Арман алыс, үміт ұзап жеткізбей,
Жалғыз қалып қамыққанда дос керек.
Кіші-үлкенмен келісуге дос керек,
Мауқын басып көрісуге дос керек.
Тірлігіңде қызық көріп, той тойлап,
Қуанышты бөлісуге дос керек.

Қайырмасы:
Дән риза менің нәзік гүл жаным,
Таттық біз дәмін, ғұмыр мырза күн.
Бұл дүниеден саған, досым-ай,
Саған, досым, саған, досым, ризамын.

Дұшпаныңмен егесуге дос керек,
Ақылдасып кеңесуге дос керек.
Қадіріңді білмейтұғын тірлікте,
Ағайныңмен теңесуге дос керек.
Дүниенің жалғанында дос керек.
Қанатыңнын талғанында дос керек.
Қуанатын жүрегімен сен үшін,
Жұлдызыңның жанғанында дос керек.

Қайырмасы.

Зәбір көріп айрылғанда дос керек,
Табаныңнан тайдырғанда дос керек.
Қорлық көріп қаумалаған көп иттен,
Көкжалдайын қайғырғанда дос керек.
Жапырақты жаярыңда дос керек,
Өміріңнің баянында дос керек.
Ақылдасып қалу үшін армансыз,
Ғұмырыңның аяғында дос керек.


Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген.

1991 жылдан — ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.

1993 жылдан — ҚР Президентінің көмекшісі.

1995 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1997 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Білім және мәдениет министрі.

1997 жылдан — ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.

1998 жылдан — ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі.

1999 жылдан — Атырау облысының әкімі.

2000 жылдан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2002 жылдан — ҚР Премьер-министрі.

2003 жылдан — ҚР Мемлекеттік хатшысы.

2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін — Алматы қаласының әкімі.

2008 жылғы сәуір айынан бастап — Астана қаласының әкімі.

2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі.

2016 жылғы 13 қыркүйек айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2017 жылы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Бөлісу:


Загрузка...