Баян Алагөзова: Мен ешкімнің жұлдызын жағуға міндетті емеспін

Биыл осымен оныншы рет Баян Алагөзова нағыз «қазақтың аруына» тағы да іздеу салды. Талаптар әдеттегідей тым қатаң. Қыздардың салмағы 53 келіден аспау керек, бойы 1,73-тен жоғары болуы қажет. Одан бөлек, «темекі тартпау» сынды тәрбиелік маңызы бар шарттар да жетерлік. Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасы хабарлайды.

«Басты талап арулардың адамдық қасиеті. Одан бөлек, «Қазақ аруы» деп аты айтып тұрғандай, мейірімділік, сұлулық, жан дүниенің тазалығы маңызды. Сенесіздер ме, біз тіпті шылым шеккені үшін немесе дөрекі сөздері үшін конкурстан шығарып жібере аламыз», – дейді продюсер.

Сұлулық сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келген арулардың қарасы мол! Бұрымдылардың басты арманы – «Баян бағымызды жақса екен» дейді.

Оған продюсердің жауабы:
«Мен қыздарға жұлдыз боласыңдар деп уәде берген емеспін. Мәселен, өткен жылы бастауыш мектеп мұғалімі жеңімпаз атанды. Түсінесіздер ғой, мен мұғалімнен қалай жұлдыз жасаймын. Сондықтан әр қыздың өзіне байланысты.
Ал кастингтен сүрінбей өткен бұрымдылар, 1,5 ай бойы дайындықтан өтіп, ақтық мәреде өзара сайысқа түседі. Оның үстіне мен ешкімнің жұлдызын жағуға міндетті емеспін», – деп сөзін қорытындылаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Биыл осымен оныншы рет Баян Алагөзова нағыз «қазақтың аруына» тағы да іздеу салды. Талаптар әдеттегідей тым қатаң. Қыздардың салмағы 53 келіден аспау керек, бойы 1,73-тен жоғары болуы қажет. Одан бөлек, «темекі тартпау» сынды тәрбиелік маңызы бар шарттар да жетерлік. Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасы хабарлайды. ⠀ «Басты талап арулардың адамдық қасиеті. Одан бөлек, «Қазақ аруы» деп аты айтып тұрғандай, мейірімділік, сұлулық, жан дүниенің тазалығы маңызды. Сенесіздер ме, біз тіпті шылым шеккені үшін немесе дөрекі сөздері үшін конкурстан шығарып жібере аламыз», – дейді продюсер. ⠀ Сұлулық сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келген арулардың қарасы мол! Бұрымдылардың басты арманы – «Баян бағымызды жақса екен» дейді. ⠀ Оған продюсердің жауабы: «Мен қыздарға жұлдыз боласыңдар деп уәде берген емеспін. Мәселен, өткен жылы бастауыш мектеп мұғалімі жеңімпаз атанды. Түсінесіздер ғой, мен мұғалімнен қалай жұлдыз жасаймын. Сондықтан әр қыздың өзіне байланысты. Ал кастингтен сүрінбей өткен бұрымдылар, 1,5 ай бойы дайындықтан өтіп, ақтық мәреде өзара сайысқа түседі. Оның үстіне мен ешкімнің жұлдызын жағуға міндетті емпспін», – деп сөзін қорытындылаған. #БаянАлагөзова #Қазақаруы2020

Публикация от Жұлдыздар әлемі (@juldyzdar_alemi)