Өзбекстанның Самарқанд облысындағы Каттакурган қаласының ішкі істер бөлімшесінде базарда ақша ұрлады деген күдікпен ұсталған екі әйелді тыржалаңаш шешіндіру арқылы қорлаған.

Құқыққорғау органы қызметкерлерінің ұсталған әйелдердің ар-намысын қорлаған сәті түсірілген видео Озодлик редакциясына 4 маусымда түсті. Самарқанд облысының прокуратурасы бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Видеода 35 жастағы әйелдің үстіндегі киімдерін милиция қызметкерінің мәжбүрлеуімен шешіп жатқаны түсірілген. Әйелге бұйырып тұрған ер азаматтың түрі кадрдан тыс қалған.

Бұл уақытта тағы бір ер адамның даусы екінші бір әйелге бұйырып жатқаны, күдіктіні ұрып, балағаттағаны естіледі. Әйел бұлай жасамауын сұрап жалбарынған, бірақ оған былапыт сөздермен жауап берген. Ер азамат әйелдердің біріне жалаңаш күйінде далаға шығуға бұйырған.

«3 маусымда Санат Умаров бастаған топ милиция бөлімшесіне екі әйелді алып келді. Олар жергілікті базарға басқа ауданнан келген, ақша ұрлады деген күдікпен ұсталған. Әйелдерді тыржалаңаш шешіндіріп, ұрланған ақшаны іздеген. Бірақ олардан ақша табылмаған. Милиция қызметкерлері оларды босатқан. Олардың ұсталғаны туралы ешқандай құжат толтырылмаған. Бұл әйелдердің есімдері ұсталғандар туралы есеп журналында да тіркелмеген», — деді милиция қызметкері.

Телефонмен әңгімеде тергеуші Санат Умаров бұл әйелдерді шешіндіріп қорлағанын жасырмады.

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанwww.ktk.kz