Күні кеше екінші рет отбасын құрып, дүркіретіп той жасаған Абай Бегейді жұрт қатал сынға алды. “Жарының өмірден қайтқанына көп болған жоқ, оның үстіне жас қыз алыпты”, – деп сөкті жұрт. Алайда жұрттың сөзі жаңадан отағасы атанған Абай Бегейге де, оның жақындарына да оңай тиіп жатқан жоқ. Бұл орайда өнердегі әріптестері Абайды қолдап, жұпты сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселен, Гүлзира Айдарбекова мен Сәкен Майғазиев Абайдың басынан өткен жайтты тағдырға балайды. Бұл орайда олар әншінің бүлдіршіндеріне ана болуға келіскен Фаризаны да, Абайды да қолдайтындарын айтты.

“Әйелінің үстінен әйел алып, балаларымен қосып немерелерін жылатып кетіп жатқан қаншама ер азаматтарымыз бар. Абайға оңай болды дейсіздер ма? Әйелінің қайтқанына 3 жыл болыпты. Ер адамның үйіне жылылық кіргізетін, жанына жалау болатын әйелі болмағаны өте ауыр әрине. Әйелдің қырық жаны бар деген. Әрине әйел болса, балаларыма дауыс көтеріп жүрегімді ауырта ма деп күйеуге шықпайды. Ана сонысымен ана. Бірақ өкінішке орай, өз бақытын жоғары бағалап отбасын тастап кетіп жатқан азаматшалар да аз емес.

Елімізде ер азаматтардың аз болғандығынан қаншама қыздарымыз отбасын құра алмай жүргендері де аз емес. Қытайға тигенше қазағымыздан үбірлі-шүбірлі болып, санымызды көбейтсін. Абай өте қарапайым, иманды жігіт, тіптен бәріне сыйлы.Той жасаса, бұрын есік көрмеген қыз. Оның да ата-анасы әлпештеп алақандарына салып, той көруін армандаған болар. Келіншегіне де оңай емес, ұл-қыздарының көңілін тауып сол отбасына сіңіп кетуі. Балалар қабылдаса жақсы. Ал керісінше болса Абайға да, әйеліне де оңай емес. Болар іс болды, енді осы келініміздің аналарының орнын жоқтатпайтын адал, ибалы ана болуын тілейік.

Гүлзира Айдарбекова: Абай әйелінің үстінен әйел алып, бір отбасын жылатса, тойында отырмаған болар едім

Ертең балалары отбасын құрып өз өмірлерін сүргенде, әкелері кімге сияды? Әйел адам немересін бақса да сияды, ал еркек әйелсіз ешкімге сия қоймас. Іш киімін қызы не келіні жуа қоймас, басқасын айтпай-ақ қояйық. Әкелеріне анамыздың орнына әйел алдырмаймыз деп үйленуіне қарсы болғандардың, кейін баққылары келмей, әкелері қартайған шағында кемпір таппай жүргендерді де көргенмін, жастықтың албырттығымен қызғанып бекер жасаппыз деп.

Егер де Абай әйелінің үстінен әйел алып, бір отбасын жылатып, шулатып кетіп жатса, тойында отырмаған болар едім. Сатқындықты жек көретін мінезім де жоқ емес. Балаларым да олардың балалары да, әйелінің үстінен 2-ші әйел алып жылатпаса деп тілеймін. Ондай жағдайды жауыма да тілемеймін. Үміт артып үлпілдетіп өсірген қыздарымыз, шалдарға көңілдес болып, үй алып бергеніне мәз болып, туып алып отырғандарынан сақтасын. Ұрпағын адалынан сүйсін. Ал бұл жағдай мүлдем бөлек. Бұл тағдыр. Балаларымызды анасынан Құдай айырмасын деп тілейік”, – дейді Қайрат Нұртастың анасы.

“Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Абекем мейірімді, алтын адам. Фариза иманды, инабатты қыз. Бәріңіз білесіздер, Әбекем адал жарынан 3 жыл бұрын айырылды. Қиналды. Қайғырды. Қажыды. Әбекемнің балапандарына Фаризаның аналық махаббатын сыйлай алғандығын, балапандарының оған бауыр басып, жақсы көріп қалғанын айтқанда көзіме жас келіп, қуандым. Қатты сынап, сөкпеңіздер.

Гүлзира Айдарбекова: Абай әйелінің үстінен әйел алып, бір отбасын жылатса, тойында отырмаған болар едім

Той дейсіз бе? Абай досым да отыз ойланып, қырық толғанды. Фаризаның да ата-анасы, туған-туыстары бар. Ол да ақ көйлек киіп, ақ бата алуды армандайды. Бақытты болғысы, бақытқа бөлегісі келеді. Баянды болғай. Құдіреті күшті Алла тағала Ләухул Мағфузда кім қашан туылатынын, есімі кім болатынын, кімге үйленіп, қанша баласы болатынын, қанша жас жасап, қашан жан тапсыратынын жазып қояды. Сондықтан, Тәңір берген тағдырды талқыға салудан сақ болайық. Келер күніне ешкім кепілдік бере алмайды. Дана қазақ “Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле” дейді. Жарасымды жұпқа жақсылық тілеп, жүректерімізді таза ұстайық. Алла баянды бақ берсін, Абай – алтын адам”, – деп пікір білдірді Сәкен Майғазиев.

Гүлзира Айдарбекова: Абай әйелінің үстінен әйел алып, бір отбасын жылатса, тойында отырмаған болар едім

Еске сала кетейік, екінші рет отбасын құрған Абай Бегей күні кеше дүркіретіп той жасады. 

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанstan.kz