Гүлзира Айдарбекова: Узи ұл дегенде өксігімді баса алмай жылап шыққанмын

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қызды болуды армандап өткенін айтты.

Бұл туралы инстаграм желісіндегі оқырмандардың бірі «Қызыңыз бар ма?», – деген сұраққа армандағанын айтты.

«Адамда бір арман болады ғой. Менің кішкентай кезімнен арманым: сіңілім болса деп көп армандадым, көршілердің үйінде қыздар көп болатын, барған сайын ішім өртеніп қайтатынмын армандап. Одан кейін қызым болғанын армандадым, қатты күттім, тіптен УЗИ ұл дегенде өксігімді баса алмай жылап шыққан кездерім болған. Адамда бір арман болғаны да жақсы дейді ғой, сол көп нәрседен сақтап та қалады екен деп естідім кейіннен. Сосын өзімді-өзім осы сөзбен жұбаттым. Құдайға шүкір, келіндерім, немерелерім тура қызымдай қазір», – деп жауап берді Қайрат Нұртасы анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Екі жеңгесінің ортасында еркелеп жүрген не деген бақытты қайын іні деймін дә?? Келіндерім түскелі бері қайын інілерін еркелетіп, түрлі дәмді асын даярлап беріп, сырласып, ауыз біршіліктері молаймаса, кемімей жүрулерінің өзі аналарынан алған тәрбиелері ғой. Есесіне іні-қарындастарына ылғи да көңіл бөліп, мектептеріне, қосымша сабақтарына тасып Занғар да сүйіспеншіліктеріне бөленуде. Ақмөр қызымыз таңғы 6- да орнынан тұрып, ағасының бөлмесіне кіріп бір сүйіп кетуді әдетке айналдырған? Баяғыда Сезім 1 жасында, Занғар ағасы мектептен келгенде аңдып отыратын. Егер Сезімнің бетінен сүйіп кетпей, асығып бөлмесіне өтіп кетсе, шалқасынан түсіп өксігін баса алмай жылайтын өкпелеп. Алысқа кетсе, компьютерін ашып, бетіне үлкен болып шығып тұрған суретіне қарап: аға тез келші деп жылап отыратын екі қолын жайып шақырып. Занғар Пекинде оқып жүргенде ай сайын посылкамен сыйлықтар жіберіп отырушы еді, сағынышын білдіріп.Әлі күнге дейін Занғар ағаларын күтумен жүреді. Енді осындай жеңгелері сияқты адал өмірлік жар, осы балапандардай ұлды-қызды болып, үлкен әулетті отбасы болып, біздерді бақытқа жеткізуін бұйыртсын Алла!? Сіздерге де жұғысты болсын!?? @zangaar

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)