Осыдан біраз уақыт бұрын Мәдина Сәдуақасова еркек визажистпен түскен суретін жариялаймын деп дауға қалды. Көпшілік ер басымен қыздардың бет әлпетін бояп жүрген азаматты қатаң сынға алып, оның қызметіне жүгінгені үшін Сәдуақасованың өзіне де жағымсыз пікірлерді жаудырған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алайда соған қарамастан, Мәдина әлі күнге дейін киімі мен бет әлпетін ер азаматтарға сеніп тапсырады екен. Оның себебін әнші 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында түсіндірді.

“Менің ойымша, әйел адам, ер адам деп бөлінбейді. Өз маманының иесі, кәсіби визажист болса, онда тұрған не бар?! Ер адамдардан Владимир, қыздардан Санди өз ісінің білікті шебері. Сондықтан мен бөліп-жармаймын. Сол сияқты киім тігетін стилистер бар. Мысалы, Наиль ер адам болса да, қыз баланың дене бітімін, көйлектің, сәннің не екенін өте жақсы біледі. Вова (ел арасында Атамас есімімен танымал) өзі де көрікті, сұлу жігіт.

Неліктен елдің сынап жатқанын түсінбедім. Өйткені ер адам болса да, әйел адам болса да, өз-өзіне қарау керек. Ал енді стилист, визажист – оның мамандығы”, – дейді Сәдуақасова.

Бұл орайда бағдарламаға қатысқан әнші Бейбіт Қорған боянып, сыланып жүретін әріптестерін құптамайтынын айтты. Десе де, ол өнер адамы болған соң, сыртқы келбетіне мән беріп жүрген дұрыс, деген пікірде.

“Сән салонына бармайтын адаммын. Әнші болғаннан кейін, өзіңе қарау керек деп ойлаймын. Тазалық жағына мән беріп, шашыңды дұрыстап жүру керек. Бірақ әнші болмасам, ондайға аса бармас едім. Маникюр, педикюр жасатпаймын”, – деген ол еркектің еркек болып қалуы керектігін мәлімдеді.

Бөлісу:


Загрузка...
Жариялағанstan.kz